Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (22) Өлеңдер (66) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (22) Ұлағатты сөздер (6) Әзіл, анекдоттар (1)

Қаз келсе, жаз келер.
Қарға келсе, қатқақ болар.

Ілмектер: жыл мезгілдер, жаз

Үркер үйден көрінсе,
Үш ай тоқсан қысың бар.
Үркер іңірде жанбасқа келсе,
Жаз шықпаған несі бар?!

Ілмектер: ай, жаз

Жазда жайлауды же,
Қыста қойнауды же.

Ілмектер: жаз, қыс

Шаруа
Жазда жазылады,
Қыста қысылады.

Ілмектер: шаруа, қыс, жаз

Қыс азығын жаз жина.

Ілмектер: қыс, жаз, азық

Қыс арбаңды сайла.
Жаз шанаңды сайла.

Ілмектер: қыс, жаз

Жаздың қамын қыс ойла,
Бір ойлама, үш ойла.

Ілмектер: жаз, қыс

Жазда шөпті жинасаң,
Қыста мал азығы
Жазда сөкті жинасаң,
Қыста бала азығы.

Ілмектер: егіншілік, жаз, қыс, азық

Жаз келді,
Үйрек ұшып, қаз келді.

Ілмектер: жыл мезгілдері, жаз

Биік таудың басы қыс,
Баурайы жаз.

Ілмектер: қыс, жаз

Жақсының сөзі —
Жырмен тең,
Жаздағы жаңбыр
Нұрмен тең.

Ілмектер: жақсы, сөз, жаз, жаңбыр

Жазда жанын баққан,
Қыста қыдың қаққан.

Ілмектер: жаз, қыс

Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр-
Жерге жауған нұр.

Ілмектер: қыс, жаз, қар, жаңбыр, нұр

Шаруа жазда жазылар,
Қыста қысылар.

Ілмектер: шаруа, жаз, қыс, жыл мезгілдері

Қыс қысыл, жаз жазыл.

Ілмектер: қыс, жаз, еңбек, байлық

Малды қыс құмға,
Жаз шымға айда.

Ілмектер: мал, қыс, жаз, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Жаз сайға қонба,
Қыс қырға қонба.

Ілмектер: қыс, жаз, жыл мезгілдері, табиғат, табиғат құбылыстары

Қыс аязымен,
Жаз самалымен.

Ілмектер: қыс, жаз, жыл мезгілдері, табиғат, табиғат құбылыстары

Қыста — көмірші,
Жазда — темірші.

Ілмектер: қыс, жаз, темірші, көмірші, парсы мақалы

Күз әуені жаздан белгілі.

Ілмектер: күз, жаз, әуен