Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (43) Өлеңдер (81) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (32) Ұлағатты сөздер (98)

Зат — біздің уақыт пен ажалға байланысты қорқыныштарымыздың аузына құм құятын тұрмыстық мифология.

Ілмектер: зат, уақыт, ажал, қорқыныш, тұрмыс, миф Жан Бодрийяр

Уақыт — шындық сияқты, көрінгеннің бəрінің тұра қашуынан басқа түкті де білдірмейді.

Ілмектер: уақыт, шындық Жорж Батай

Жарасымдылық идеалы — сəулет өнері немесе мүсін өнері, ал олардың мəні — уақытты жоққа шығаруда жатыр.

Ілмектер: сәулет, өнер, мүсін, уақыт Жорж Батай

Ештеңені де тоқтата алмайсың: болмаса уақытша ғана болмаса.

Ілмектер: уақыт Жорж Батай

Уақытты күтуге уақыт жоқ.

Ілмектер: уақыт Нарша Булгакбаев

Кейде уақыт жетпей жататындай көрінеді. Əйтеуір, уақыт тым аз.

Ілмектер: уақыт Жорж Батай

Менікі деп жүргенің, уақытша ғана сенікі, атақ, ақша дегенің, мәңгілік емес сенікі. Сонда не мәңгілік — Жаратушыға деген махаббат.

Ілмектер: уақыт, атақ, ақша, мәңгілік, Алла, махаббат, жаратушы Нарша Булгакбаев

Алтынның не екенін сұрасаң, оңай жауап беремін. «Денсаулық», «Уақыт», «Мүмкіндік», «Қабілет», «Таңдау және шешім қабылдау еркі», «Ақыл мен жүрек» және т.б.

Ілмектер: Алтын, денсаулық, уақыт, мүмкіндік, қабілет, таңдау, шешім, ақыл, жүрек Narsha Bulgakbaev Debut

Көптеген адамдар уақытты өлтіруді, босқа өткізуді, жаман әдеттерге бой алдыруды, санасын шектеуді, зиянды ақпараттарды алуды пайдалы, тіпті қажет деп санайды, себебі олар Құлдық Санада.

Ілмектер: Адам, уақыт, өлім, жаман, әдет, сана, шектеу, зиянды, пайдалы, қажет, құл, сана, құлдық сана Narsha Bulgakbaev

Жаратылыстану ғылымдары біздің маңымыздағы шексіз уақыт пен кеңістік тұңғиықтарын жаңқалап жатыр.

Ілмектер: Жаратылыстану, ғылым, уақыт, кеңістік Пьер Тейяр де Шарден

Қазіргі адам өзінің уысынан шығарып алған уақыт пен күшті қайтерін білмей əлек.

Ілмектер: уақыт, күш Пьер Тейяр де Шарден

Кішкентай кезімнен мен ұяң болатынмын және барлық уақытымды тек футболға арнайтынмын. Достарым мені көше кезуге шақыратын, бірақ мен ертеңгі күні жаттығуым болғандықтан, кезуге көп шыға бермейтінмін. Сол балалық шағымнан бері әлі ешнәрсе өзгерген жоқ, Қазір де достарым бір жерге шақырса, үйде қалғанды жөн көремін.

Ілмектер: Лионель Месси, футбол, дос, жаттығу, уақыт, Месси Лионель Месси

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды мына өмірді,
Өтпейтіндей көретін адамдарға!

Ілмектер: уақыт, адам, Өмір, дәуір, заман Мұқағали Мақатаев

Теориядан жердің айналатынын білеміз, ал бірақ көзбен көре алмаймыз. Уақыт та дәл солай.

Ілмектер: теория, жер, көз, уақыт Марсель Пруст

Махаббат — бұл жүректің қабылдауына мүмкін болған уақыт пен кеңістік.

Ілмектер: махаббат, жүрек, уақыт, кеңістік Марсель Пруст

Тіршілік бітсе қайтарып ала алмайсың, ақырет жетсе сатып ала алмайсың. Жауабы бұл жұмбақтың — өткінші құбылыс уақытың.

Ілмектер: Уақыт, тіршілік, ақырет, жұмбақ Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев