Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (21) Өлеңдер (55) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (143) Ұлағатты сөздер (168) Әзіл, анекдоттар (2)

Қалың солдат та әбден қалыптасқан халық.

Ілмектер: солдат, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ерліктің атаусыз кетуі — халықтың трагедиясы.

Ілмектер: Ерлік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, халық, трагедия Бауыржан Момышұлы

Соғыс ұзақ жылдарға Отанның тағдырын, соғысып жатқан халықтың тағдырын шешеді.

Ілмектер: соғыс, тағдыр, отан, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Халық өлмейді.

Ілмектер: халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Соғыс — халықтың күш-қуатын, ерлік-жігерін сынайтын ұлы емтихан.

Ілмектер: Соғыс, халық, күш-қуат, ерлік-жігер, емтихан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Өнер ертеден-ақ халықтың өмір — тіршілігін, күресі мен жақсылыққа деген арман — үмітін бейнелей отырып, халықтың сана-сезімін дамытуда ерекше мәні болған.

Ілмектер: Өнер, өмір, халық, арман, үміт, сана, сезім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім.

Ілмектер: білім, адамзат, халық Сәлімгерей Дильназ

Көктем шындап түнерсе, нәрін төгеді,
Халық шындап түнерсе, кәрін төгеді.

Ілмектер: халық, көктем, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Атақты деп атың шықса халыққа,
Масайрама, сол халықты налытпа.

Ілмектер: атақ, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Ақын — халықтың тілі.

Ілмектер: ақын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, халық, тіл Сайын Назарбекұлы

Мемлекет дегеніміз — халықтың пошымы.

Ілмектер: Мемлекет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, халық Освальд Шпенглер

Егер жолын қуғандар арасында халық — тек объект, ал идеалдар — тек құрал ғана деп ойламайтын шын мəнінде тегеуірінді тұлғалар кездеспегенде, демократия да ақыл-ой мен ақ қағаздан əріге аспайтын еді.

Ілмектер: демократия, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Тарих идеалдарды аяусыз таптап отырады, ал егер əлде бір адам немесе халық белгілі бір кезеңде əділдік үшін күш қолданудан бас тартса, онда ол ой мен ақиқат əлеміндегі теориялық даңқа ие болып шыға келеді, бірақ бұл – оның шындықтың не екенін жақсы білетін басқа бір күшпен тайталаста ұтылып қалғанын білдіреді.

Ілмектер: тарих, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, халық Освальд Шпенглер

Халық басқа халықтармен салыстырғанда ғана ақиқатқа айналады.

Ілмектер: халық, ақиқат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Халық дегеніміз — өздерін бір бүтін сезінетін адамдардың ортақ бірлестігі.

Ілмектер: халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адам, бірлестік Освальд Шпенглер

Ұлттар дегеніміз — қала салушы халықтар.

Ілмектер: ұлт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, халық, қала Освальд Шпенглер

Данышпан адам табиғатынан жайсыз келеді: ал халық болса — тыныштықты қалайды.

Ілмектер: данышпан, табиғат, жайсыз, халық, тыныштық Роберт Вальзер

Диктаторлар, негізінен қоғамның ең төменгі сатысында тұрғандар арасынан шығатындықтан, халыққа не қажет екенін жақсы біледі. Олардың өздерінің тілегін орындағандары халықтық да тілегін орындағандық болып шығады... Жұрт өзіне жағынғанды, кейде əкелік қамқорлық жасап, кейде қаталдық танытқанды ұнатады. Осы арқылы оларды соғысқа да іш тартатын етуге болады.

Ілмектер: Диктатор, қоғам, саты, халық, тілек, жұрт, қамқорлық, соғыс Роберт Вальзер

Үкіметтің халық алдындағы міндеті – байлықты бір жүйеге келтіріп әділ бөлу.

Ілмектер: Үкімет, халық, міндет, байлық, экономика, жүйе, әділ Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Батыр боп жауға найзаң тимесе,
Батырлықтан не пайда.
Бай болып халқыңа пайдаң тимесе,
Байлығыңнан не пайда…

Ілмектер: батыр, бай, халық, пайда, найза, байлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әйтеке би