Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (35) Өлеңдер (19) Мақал-мәтелдер (93) Ұлағатты сөздер (6) Әзіл, анекдоттар (1)

"қонақ" туралы Ұлағатты сөздер

"қонақ" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "қонақ" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Кісіні көрсең, есікке
Жүгіре шық, кешікпе.
Қарсы алмасаң мейманды,
Кесір болар несіпке.

Ілмектер: қонақ, мейман, несіп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Үмбетей Жырау
WhatsApp Telegram

Ағаң келсе — ардақтап атын байлағандай, қонағың келсе — құрметтеп, көңілін жайлағандай тындырымды ісің болғанға не жетсін.

Ілмектер: аға, қонақ, көңіл Әйтеке би
WhatsApp Telegram

Бақ қонады ұл таңдап,
Қонақ қонар үй тандап.
Болымы жоқ бозбала,
Бейнеттен қашар бұлтыңдап.

Ілмектер: бақ, ұл, қонақ, бозбала, бейнет Майлықожа Сұлтанқожаұлы
WhatsApp Telegram

Келген қонаққа достық көңіл, қонақжайлық пейіл таныту - үй иесінің борышы.

Ілмектер: қонақ, достық, қонақжайлық, үй, борыш Тоқсары
WhatsApp Telegram

Достарды екі топқа бөліп, қарастыруға болады. Біріншісі - белгілі бір уақыт қана сіздің өміріңіздің қонағы болса, екіншісі – қандай қиындық туса да қасыңыздан кетпейтін жандар. Оларды бағалай білу керек. Өйткені олар өмір бойы сіздің қасыңызда болады.

Ілмектер: дос, өмір, қонақ, қиындық, бағалау Агата Кристи
WhatsApp Telegram

Ағасы келсе, ардақтап атын байлағандай;
Қонағы келсе, құрметтеп жайлағандай;
Тындырымды інісі болса;
Қанат-құйрығы сай болып,
Көңілі жай болып,
Ағаның алар тынысы болса;
Інінің міндеті - басқару,
Ағаның реті - бас бағу емес пе?

Ілмектер: аға, қонақ, іні Әйтеке би
WhatsApp Telegram