Өлең, жыр, ақындар

Жаңылтпаштар

  • 26.04.2019

Бұлаң-бұлаң
Еткен бұл аң
Жүні қылаң
Екен бұлан.


  • 26.04.2019

Бізге жүр, жыр жырлайық,
Сізбен бір бір жырлайық.
Баста енді жыр лайық!


  • 26.04.2019

Арықтың бәрі ғаріп емес,
Ғаріптің бәрі арық емес.
Ал Әріп арық та емес,
Ғаріп те емес,
Барып көр,
Барып кеңес.


  • 26.04.2019

Шашы сары
Сашаның да жасы сегізде,
Шашы сұры
Сашаның да жасы сегізде.


  • 26.04.2019

Мазасыз
Жазасыз,
Амалсыз
Азасыз.
Жазасыз
Мазасыз,
Азасыз
Амалсыз.


  • 26.04.2019

Айта-айта жақ талды,
Қайта-қайта жатталды.
Қайта-қайта жақ талды,
Айта-айта жатталды.


  • 26.04.2019

Бала бұл ең тентек,
Күшіміз теп-тең деп,
Күреспе тектен-тек,
Құлайсың көптен-көп,
Аяғың көктен кеп.


  • 26.04.2019

Асанды әсем десем де,
Әсем одан әсемдеу.
Әсемді әсем десем де,
Асан, сірә, әсемдеу.


  • 26.04.2019

Бес түп алма
«Бестік» алғандікі.
Төрт түп алма
«Төрттік» алғандікі.
«Төрттік» алған
Бес түп алма алмайды.
«Бестік» алған
Төрт түп алма алмайды.


  • 26.04.2019

Дәптерім дәптер-ақ еді,
Жоғалтқан «Қап!»— дер-ақ еді
Қажетке көп жарап еді,
Әлі де көп жері ақ еді.


  • 26.04.2019

Мыңның мұңы —
Мұңның мұңы.
Мұңы мыңның—
Мұңы мұңның.


  • 26.04.2019

— Мың мін
Бойында кімнің?
— Жалқаудың бойында
Мін мың!


  • 26.04.2019

Сендегі басты бас деп,
Әрі алғыр, әрі жас деп,
Алғаның кәрі мәстек,
Ол босқа ішеді ас тек.


  • 26.04.2019

Лек-лек үлек келді,
Көп үлек түлеп келді.


  • 26.04.2019

Қап-қап қақты
Аппақ апты.
Ақтық қапты
Ақық апты.


  • 26.04.2019

Ала ісекті,
Қара есекті,
Сұр құлақты
Сары лақты
Босқа берем
Досқа, дер ем!


  • 26.04.2019

Ұзаққа тұзақ — тозақ,
Ұшпайды ұзап ұзақ.
Түседі ұзақ өзі-ақ,
Ұзаққа тұзақ — тозақ.


  • 26.04.2019

Сұсты
Түсті,
Ұшты
Тісті
Арыстанға
Барыс таң ба?!


  • 26.04.2019

Гәп балда емес,
Гәп әлде.
Гәп малда емес,
Гәп халде.
Әл де,
Хал де
Жоқ па әлде?!


  • 26.04.2019

Қоямын деп алып қоймағаннан,
Қоямын демей-ақ қойған артық.