Өлең, жыр, ақындар

Қуысмүйізділер

Қуысмүйізділер — сүтқоректілер класы жұптұяқтылар отрядының күйіс қайыратындар тобының бір тұқымдасы. Табиғатта кең тараған, Австралия мен Антарктидада ғана кездеспейді. Мекендейтін жерлері — шөл-шөлейтті дала аймақтары мен тау өңірлері. Кейбіреуі үй жануарлары ретінде қолға да үйретілген. 43 туысы, 125-тей түрі бар.

Қазақстанда 5 туысқа жататын 5 түрі (қарақұйрық, ақбөкен, таутеке, арқар және үстірт арқары) мекендейді. Дене тұрқының мөлшерлері әр түрлі, ең кішілері 45 - 80 см (дикдиктер), ірілері 180 - 325 см-ге дейін (жабайы сиырлар — күдірлер) кездеседі. Текелерінде (кейбір түрлерінің ешкілерінде де) маңдай сүйегінің жалғасы болып табылатын, тармақталмаған іші қуыс жұп мүйіздері болады. Мүйіз капшығы өмір бойына өзгермейді. Оның пішіні, тері жамылғысының түсі әр алуан. Негізгі қорегі — шөптесін өсімдіктер. Көпшілік түрі топ-танып жүреді, ал кейбіреулері үйір (антилопалар) құрады. Қуысмүйізділердің шаруашылық үшін маңызы зор. Олардан бағалы шикізаттар (дәрі-дәрмек, шипалық ет, мүйіз, тері) алынады. Кейбіреулері (ақбөкен, таутеке) кәсіптік, аңшылық жолмен ауланады.

Қуысмүйізділердің саны жылдан жылға азаюда, кейбір түрлері тек ұлттық саябақтардағана сақталып қалған. Халықаралық табиғат қорғау одағының "Қызыл кітабына" 26 түрі, 21 түр тармағы, ал Қазақстанның "Қызыл кітабына" 7 түрі енгізілген.

Оқуға кеңес береміз:

Арқар

Таутеке

Ақбөкен

Үстірт арқары

Қызыл кітапқа енген жануарлар (омыртқалылар)


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз