Таутеке — Биология бөліміндегі материал.
Материал — Таутеке, аша тұяқты жануар, теке — осы тақырыптарға байланысты.

Таутеке (Capra sibirica) — қуысмүйізділер тұқымдасына жататын аша тұяқты жануар. Таутекелер Гиндукуш тауы мен Бадхызда, Гиссар мен Дарбазада, Памир — Алтай жоталарында, Саян мен Моңғолияның таулы аймақтарында тараған. Қазақстанда Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар) Алатауы мен Оңтүстік Алтайда құз жартастар арасында мекендейді. 1995-2006 жылдар аралығында “Алтынемел” ұлттық табиғи саябағында таутекенің 3500-4000 басы тіршілік еткені белгілі.
Текелерінің дене тұрқы 140 — 167 см, салмағы 59 — 82 кг болса, ешкілері кішірек. Түсі сұрғылт, біркелкі. Қысқа қарай ірі текелерінің жотасы мен мойнында, қапталында ақтүсті жолақ пайда болады. Текесінің семсер тәрізді, көлденең бунақты, ұзындығы 140 см-дей мүйізі болады, ешкісінің мүйізі 40 см-дей. Текесінде ұзын сақал бар. Топтанып жүреді. Маусым сайын таудың басынан етегіне, етегінен басына дейін ауысып, қоныс аударып отырады. Шөптесін өсімдіктермен, ағаш өркенімен қоректенеді, су ішіп, қар жалап, шөлін қандырады. Организмінде минералды заттар жетіспесе, тұзды топырақ пен ащы сорды жалайды. Қазан — қарашада күйекке түседі, 6 ай буаз болып, сәуір — маусымда жалқы, кейде егіз лақ табады. Жаңа туған лақтарының салмағы 2,5 — 3 кг болады. 10 күннен кейін төлдері көк шөптің басын шалса, 1,5 айда ересектерімен бірге жайыла бастайды. Табиғаттга таутекелер 13 — 14 жылдай тіршілік етеді. Таутекелердің негізгі жауы — барыс, сілеусін, қасқыр. Таутекелерді еті, терісі үшін аулайды, мүйізінен әсемдік бұйымдар жасайды.
Бұл бетте Таутеке тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Биология бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Таутеке материалы Биология бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі