Ақбөкен — көптен Қазақстан табиғатының белгісі болып табылалы. Сүтқоректілердің жұптұяқтылар отряды, қуыс мүйізділер тұқымдасының өкілі (денесінің ұзындығы 150 см, шоқтығының биіктігі 80 см, салмағы 50 кг-ға дейін), шөл мен шөлейт ландшафтысының өкілі. Жүздеген жыл Қазақстан жерінен Қара теңізге дейінгі қуаң далаларды мекендеген. 60-70-шы жылдары ақбөкеннің саны кенеттен өсіп, бір миллионға жеткен дегенмен XX ғасыр басында оның саны мен мекен ететін жері күрт азайып, Каспий маңы мен Қазақстанның куаң аймақтарында (100 мыңнан аз) сақталған. Төлдеу орны — Орталық Қазақстанда, ақбөкендер қыстау үшін Бетпақдала шөлінен Арысқұм, Қарақұм, үстірт және Еділ-Жайық өзенаралық оңтүстік аймақтарына кетеді. Үйір болып тіршілік етеді, әр аталықта бірнеше аналық болады. 10-12 жыл өмір сүреді, аталығы бір жарым, ал аналығы жарты жылда жыныстық жағынан жетіледі. Аналығы бес айлық буаздықтан кейін 1-2 (сирек 3) төлін дүниеге әкеледі, шөлдің қатаң жағдайынан біреуі ғана тірі қалады. Ақбөкен үшін жұт өте қауіпті — қалың қар мен көк мұздың әсерінен қорексіз қалады. Көптеген аталықтар күздегі күйлеуден кейін әлсірейді, көпшілігі жыртқыштарға жем болады. Ақбөкен үшін қауіпті жау — қасқыр, оның саны Қазақстан шөлінде әлсін-әлсін өсіп отырады. Дегенмен, ақбөкен санының күрт төмендеуіне адамның әсері өте көп, Тибет медицинасында бағаланатын мүйізі үшін, еті үшін ешқандай шараға қарамай қырып жіберді. Браконьерлер бір аулағанда 50-70 бөкенді алады. Қызылорда облысынан 200-250 ақбөкен тиеген жүк машинасын, аэропортта тонналаған ақбөкен мүйізін кеден қызметкерлері ұстаған жағдайлар белгілі. Қазақстан фаунасындағы бұл керемет аңды тек шұғыл шаралардың ғана құтқаруы мүмкін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі