Әрбір қиындық үшін жеңілдік келеді
Өмірде әр адам қиындықпен бетпе-бет келеді. Біреуге сәтсіздік үмітін үздірсе, енді біреуге жаңа мүмкіндік сыйлайды. Бастысы – қиындыққа мойымай, не болмасын алға жылжу керек. Өйткені дәл осы сәтте өмір саған жаңа жол ашып тұрған болуы мүмкін. Шын мәнінде, сәтсіздік – бұл жаңа мүмкіндік. Тек оны көре білу керек. Бұл туралы әлемге әйгілі тележүргізуші Опра Уинфри керемет үлгі бола алады.Опра Уинфри – әлемдегі ең табысты әйелдердің бірі. Бірақ ол жетістікке оңай жеткен жоқ. Балалық шағында кедейлікте өмір сүрді, жас кезінде үлкен әділетсіздікке тап болды, журналистикадағы алғашқы жылдарында жұмыстан қуылды. Бірақ Опра мойымады! Ол өзін дамытып, тележүргізушілікке қайта оралды. Бүгінде оның есімі әлемге әйгілі, ал “Опра шоуы” миллиондаған адамға мотивация беріп келеді. Егер Опра қиындыққа беріліп, күресуден бас тартқанда, әлем бір ұлы тұлғадан айырылып қалар еді. Сен де өміріңдегі қиындықтардан сабақ алып, алға ұмтыл!Қазақстанда да дәл осындай мықты тұлғалар жеткілік. Мәселен әлемге әйгілі Димаш Құдайберген – бүгінде әлемді өз дауысымен таңғалдырған қазақ жұлдызы. Бірақ ол да бұл жетістікке оңай жеткен жоқ.Балалық шағында ол көптеген байқауларға қатысып, көп еңбек етті. Алайда алғашқы кезде оның ерекше дауысын бәрі бірдей түсіне қойған жоқ. Бірақ Димаш ешқашан берілмеді. Ол сағаттап вокал жаттықтырды, өзіне сенді. “Singer” байқауынан кейін оны бүкіл әлем таныды. Бүгінде ол – қазақ өнерін халықаралық деңгейде танытып жүрген ең танымал әншілердің бірі. Егер Димаш кедергілерге мойып, өз дауысын дамытудан бас тартқанда, бүгінгі күндегідей үлкен жетістігі болмас еді. Ең бастысы – арманыңнан бас тартпау және өзіңе сену. Мен мұнымен не айтқым келеді? Опра да, Димаш та, өзге де табысты адамдар алғашқыда қиындыққа, сәтсіздікке ұшырады. Бірақ олар берілмеді тек өздеріне сенді. Ал сенің өмірің енді басталды. Қандай жағдай болса да өзінді жоғалтпа, сенің қолыңнан келеді!
Мақаланы жазған: Тілеген Алтынай
11 сынып оқушысы
163 мектеп лицей
Алматы қаласы, Медеу ауданы
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі