ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері

ҚазҰУ- студенттердің тек білім алып қана қоймай, жан-жақты дамуына жағдай жасайтын университет. Мұнда студенттік өмір өте белсенді әрі мазмұнды өтеді. Әртүрлі мәдени, спорттық және қоғамдық іс-шаралар студенттердің бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

Университет қабырғасында түрлі студенттік ұйымдар мен клубтар жұмыс істейді. Бұл ұйымдар студенттердің қызығушылығына қарай бірігіп, жаңа жобалар жүзеге асыруға жағдай жасайды. Дебат клубтары, шығармашылық үйірмелер, спорт секциялары және волонтерлік топтар жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Мұндай орта студенттердің өз-өзін дамытуына және жаңа тәжірибе жинауына ықпал етеді.

ҚазҰУ-дағы студенттік өмірдің маңызды бөлігі - командалық жұмыс. Түрлі іс-шараларды ұйымдастыру барысында студенттер бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс істеуді үйренеді. Бұл дағдылар болашақ маман ретінде қалыптасуда үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар, мұндай тәжірибе жауапкершілікті арттырып, ұйымдастырушылық қабілеттерді дамытады.

ҚазҰУ-да студенттік өмір өте белсенді өтеді. Мен осындай ортада жүріп, командалық жұмыс істеуді, жауапкершілік алуды үйрендім. Әсіресе, түрлі іс-шараларды ұйымдастыру барысында тәжірибе жинап, адамдармен қарым-қатынас жасау қабілетім дамыды. Бұл тек университет қабырғасында ғана емес, болашақта да қажет болатын маңызды дағдылар деп ойлаймын.Мен үшін ҚазҰУ-дағы студенттік өмірдің тағы бір маңызды тұсы - жаңа адамдармен танысу. Әртүрлі факультет студенттерімен араласып, пікір алмасу арқылы өз көзқарасымды кеңейттім. Бұл достық қарым-қатынастар мен командалық жұмыстар оқу процесін де қызықты етеді. Университеттегі атмосфера студенттерді бір мақсатқа біріктіріп, белсенділікке жетелейді.

Университетте өтетін мәдени іс-шаралар да студенттердің шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Концерттер, фестивальдер, зияткерлік ойындар студенттердің таланттарын көрсетуге жағдай жасайды. Бұл тек көңіл көтеру ғана емес, студенттердің өзін еркін көрсетуіне мүмкіндік беретін маңызды алаң болып табылады.

Қорытындылай келе, ҚазҰУ-дағы студенттік өмір- өзін-өзі дамытуға, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды кезең. Белсенділік пен бастамашылық танытқан студенттер университетте алған тәжірибесін болашақ өмірінде тиімді пайдалана алады. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ЭжБЖМ факультеті Логистика мамандығы 1 курс студенті - Тұрғұнбай Әлібек

Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты У. М. Джолдыбаева


WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз