Өлең, жыр, ақындар

Ұлы ойшыл әл-Фараби өркениет философы ізімен

Ұлы ойшыл әл-Фараби өркениет философы ізімен

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «әл-Фараби орталығы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұлы ойшылдың 1150 жылдығына, оның шығармашылық мұрасын және замандастары үшін маңызын зерделеуге, сондай-ақ ғылымды дамытудың заманауи проблемаларына арналған «Science Talks» форматындағы онлайн-іс-шаралар сериясын жалғастыруда. «Al-Farabi Science Talks» - қа белгілі шетелдік және отандық ғалымдар мен фарабитанушылар қатысады.

Қазан айының 15 күні сағат 16:00-18:00 аралығында «Әл-Фараби – өркениеттер философы» тақырыбы аясында кезекті үшінші Science Talks форматында онлайн конференция өтті. Бұл жолғы кездесу «Отырар – сан түрлі мәдениеттердің өзара тоғысып және біте қайнасқан орталығы» тақырыбы аясында жүргізілді. Конференцияны модератор әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның философия және саясаттану факультетінің деканы, философия ғылымдарының докторы, профессор Масалимова А.Р. жүргізіп отырды. Тақырып аясында, спикер ретінде, Америкалық ғалым, Мюнхендегі Людвиг Максимилиан университетінің (Германия) антикалық және ислам философиясының зерттеушісі, профессоры, Лондондағы Кингс колледжінің (Ұлыбритания) философия профессоры Питер Адамсон әл-Фараби философиясының, антикалық философтарға қатысты логикалық ой-толғауларының өз заманындағы философия ғылымындағы жаңа шуақ ретіндегі рөліне қатысты сөз қозғады. Әсіресе Аристотель, Платон ойларын Әл-Фарабидің жетілдіргені және өзіне тән идеяларды қосқаны, сонымен қатар ислам философиясына да қатысты құнды толғау жасағанына ерекше тоқталды. Тек, Әл-Фарабидің философиялық пкірлеріне шолу жасамай ұлы ғалымның метафизикалық, саяси философияға қатысты тұжырымдарын, Әл-Фарабидің зерттеулеріндегі атақты шығыс ойшылы Ибн Синаның (Авиценна) ізі де бар екеннін пайымдады. Жалпы Питер Адамсон Әл-Фарабидің тарихтағы, ғылымдағы маңыздылығына, құнсыз мұрасы жайында объективті баяндама жасады.

Питер Адамсон баяндамасынан кейін белгілі дінтанушы, ислам философиясы және суфизм маманы, философия және теология ғылымдарының докторы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің гуманитарлық ғылымдар факультетінің профессоры, Ясауи ғылыми зерттеу орталығының директоры (Қазақстан) Досай Кенжетай әл-Фарабидің Ислам философиясына сіңірген еңбегі туралы философия және теология ғылымының нәрін татқан ғалым ретінде ой-пікір білдірді, тек әл-Фараби зерттеулеріне тоқталмай Досай Кенжетай ұлы ғалымның шыққан жері жайында тұжырымдаларды талдап, Отырар қаласының ортағасырдағы маңыздылығы және Фараб атауының тек бір қалаға емес, Арал теңізінен бастап Қаратауға дейінгі өңірге қатысты қолдануға болатынын айтты. Себебі Әль-Фарабидің туған жері туралы ғылыми кеңістікте әлі де зерттеулер, талқылар жалғасуда. Ғылыми кездесудің нәтижесінде әл-Фараби тұлғасына қатысты Шетелдік ғалымдармен Отандық ғалымдардың пікір, тәжірибе алмасуы, спикерлердің баяндамалары тыңдарман ретінде конференцияға қатысқан ғалымдар мен докторанттар, магистранттар мен студенттерге және ізденушілерге құнды тәжірибе беретін білім болды.

 Әл-Фараби расымен де өз заманынындағы ең мықты ойшылы, шығыс өркениетінің үлгі тұтар өкілі. Ғалым ретінде әл-Фараби антикалық философия мен шығыс философиясы арасындағы көпір болды. Ғалымның философия, логика, саяси философия салаларына қатысты зерттеулері әлемдік тарих үшін, әсіресе отандық тарихымыз үшін құнды, баға жетпес мұра болып табылады.

«Al-Farabi Science Talks» конференциясы 2020 жылы аталып отырған ұлы ойшыл әл-Фарабидің 1150 жылдығына қатысты жүргізіліп жатқан іс-шаралар арасындағы орны бөлек. Әл-Фараби тұлғасын дәріптеу болашақ жас ғалымдардың шабытын, ғылымға деген құлшынысын оятады, сол арқылы Отандық тарих ғылымының дамуына да үлесі зор болмақ.

Аталған іс-шаралар арқасында шетелдік және отандық зерттеушілердің әл-Фараби тұлғасы, мұрасына қатысты құнды тәжірибе алмасуға маңызды кеңістік болып табылады. Егер, осындай іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп отыратын болса, тек қана тәжірибе, пікір алмасу ғана емес, оған қоса әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әлемдік деңгейдегі білім орталықтарының біріне айналуына септігін тигізбек.

 

Болат САЙЛАН, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, т.ғ.д.

Ә.Т. Құрбанбай, 1-курс магистранты.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Zhanibek_98

Отандық гуманитарлық ғылымның бабалар ізімен дамып келе жатқандығы қатты қуантады. 

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер