Өлең, жыр, ақындар

Қойгелді батыр

Қойгелді түрлі шайқаста жекпе-жекке шыққанда жеңіліс көрмей, жоңғардың тоғыз батырын өлтіріп, қазақ қолын жеңіске рухтандырған. Кейін сардар болып қол басқарғанда да, ол әскери соғыс тәсілін жетік меңгерген басшы ретінде сарбаздарын жеңістен жеңіске ұмтылдырып, үлкен қолбасшылық қабілетін танытады. Атақты Аңырақай соғысында Қойгелдімен бірге оның екі інісі Қожық пен Ақша бірнеше рет жекпе-жекке шығып, жаудың біраз батырын өлтірген. Қожық ұлы жүз қолының ту ұстаушысы болады. Он үш жасар баласы Қарабатыр қаптама соғыста ауыр жараланып, аттан түсіп қалған ағасы Ақша батырды қашан Қойгелді келіп алып шыққанша жауға бермей қорғап тұрады.

Қойгелді қолбасшы ретінде Жетісу жері жаудан азат етілгенше жүргізілген соғыстардың бәріне қатысады. Кейін елді жаудан тазартылған жерге орналастыруда да үлкен еңбек сіңіреді.

Оқуға кеңес береміз:

Жұрын батыр

Қаралда батыр

Қозыүй батыр


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз