Өлең, жыр, ақындар

Қызықты логикалық сұрақтар жауабымен

Ойлау қабілетін дамытып отыру керек. Сол себепті сіздерге арнап, математикалық, күлкілі, оңай және қиын логикалық сұрақтар жинағын ұсынамыз. Бұл тапсырмалар – ересек адамдар және мектеп оқушыларына арналған.

1. Тік төрбұрышты бөлмеге әрбір қабырғасында үш болатындай сегіз орындықты орналастыру керек.

2. Термометр аязда – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

Екі термометр де үш градус көрсетеді.

3. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?

Ауылға бір ғана мотоцикл бара жатыр.

4. Шаршының қабырғасын үш есе үлкейтсе, оның ауданы неше есе үлкейеді?

9 есе.

5. Сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар ұлдардан үшке артық. Сыныпта қанша ұл, қанша қыз бар?

x+x+3=35 x=16(ұ)

х+3=16+3=19(қ)

6. 5 жас маманға барлығы 1500 тг жалақы берілді. Олар ақшаны бөліп, әрқайсы өзіне 320 тг тұратын кітап сатып алғысы келеді. Біреуі сатып ала алмайтынын дәлелдеңіз.

1500/320=4 1. мамандар саны 2. кітаптар саны 3. кітаптардың санына қарай 4. 1500=320*4+220

7. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?

Жоғары қарай.

8. Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін?

53 жексенбі

9. Отырған бес адамның ішінде кемінде екі адамның ортақ танысы бар екенін дәлелдеңіз.

1. адамдар саны 2. таныс саны (0, 1, 2, 3, 4) 3. бірдей таныс санына қарай 4. 2-ден кем емес танысы бар адамдар бар.

10. Мектепте төрт жүз оқушы бар. Олардың ең болмағанда екеуі бір күнде туғанын дәлелдеңіз.

Бір жылда 365 күн бар, бұл 400 санынан кем болғандықтан, оқушылардың екеуі бір күнде туған боп шығады.

11. Айгерімнің әкесінде 3 қыз бар: Гүлсая, Жансая және …..?

Айгерім.

12. Астанадан Қарағандыға жету үшін 2 сағат 30 минут қажет. Ал Қарағандыдан Астанаға қайтуға 150 минут керек. Неге олай?

150 минут = 2 сағат 30 мин.

13. Қай сөз әрдайым дұрыс болып естіледі?

Дұрыс.

14. Ол сізге тиесілі, бірақ адамдар оны сізден жиі қолданады?

Сіздің есіміңіз.

15. 1 бұқа 5 литр сүт беретін болса, 5 бұқа қанша литр сүт береді?

Бұқа сүт бермейді.

16. Жабық көзбен нені көруге болады?

Түсті.

17. Тауық өзін құспын деп айта ала ма?

Жоқ, ол сөйлей алмайды.

18. Жаңбыр екі күн қатарынан жаууы мүмкін бе?

Жоқ, өйткені олардың арасында түн бар. Аш қарынға неше стақан айран ішуге болады?

19. Бір стақан Автобус ауылға жүріп келе жатыр. Ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан 3 автокөлікті көрді. Ауылға неше көлік бара жатыр?

1.

20. Саябақтың ішінде 6 орындық тұр. Оның екеуін бояп қойды. Саябақта неше орындық қалды?

6.

21. Оқушы мектепке 15 минутта жетеді. Ал 3 оқушы бұл жолды қанша уақытта өтеді?

15.

22. Термометр 15 градусты көрсетіп тұр. Дәл осындай екі термометр нешен градусты көрсетеді?

15.

23. Жаңбырдың кезінде кімнің шашы суланбайды?

Тақырбас адамның Сиыр неге жерге жатады.

Өйткені, отыра алмайды.

Мына сілтемелерді де қарап көріңіз:

Логикалық 100 есеп, жауаптарымен

Жұмбақтар жауабымен

Логикалық сұрақтар

Сіріңке жұмбақтары

Математикалық жұмбақтар

Cуретті жұмбақтар

Метаграммалар

Сайттағы барлық жұмбақтар

Логикалық-Әзіл жұмбақтар


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Айша

Супер

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз