Сальвадор Дали

Сальвадор Дали (толық аты Сальвадор Доменек Фелип Жасинт Дали и Доменек, маркиз де Пуболь, кат. Salvador Domènec Felip Jacint Dalí i Domènech, Marqués de Dalí de Púbol, ис. Salvador Domingo Felipe Jacinto Dalí i Domènech, Marqués de Dalí y de Púbol, 11 мамыр 1904 жыл, Фигерас - 23 қаңтар 1989 жыл, Фигерас)— испан суретшісі, графигі, мүсінші , режиссёр,жазушы. Сюрреализм жанрында салатын суретшілердің бірі. «фр. Un chien andalou» (Андалуз иті), «фр. L'âge d'or» (Алтын ғасыр), «ағылш. «Spellbound»» (Арбалған) т.б. фильмдермен жұмыс жасады. "Соғыс жүзі", "Өрттегі керік" т.б. еңбектері бар .


Нақыл сөздері

Кемеңгерлік біткен кезде есалаңдықтың басталатынын психологияның өзі де түсіндіріп бере алмайды.

Ілмектер: кемеңгерлік, есалаңдық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сальвадор Дали

Мен тағдырыма тек екі нәрсе үшін алғыс айтамын: испандық болғаным үшін, және мен Сальвадор Далимын.

Ілмектер: тағдыр, алғыс Сальвадор Дали

Пейзаж – жаныңның жай-күйі.

Ілмектер: пейзаж Сальвадор Дали

Қарапайымдылық - менің табиғи кемшілігім.

Ілмектер: қарапайымдылық, кемшілік Сальвадор Дали

Мінсіздіктен қорықпаңыз. Сіз оған жете алмайсыз. Оның үстіне мінсіздікте сіз қызығатындай ештеңе жоқ.

Ілмектер: мінсіздік Сальвадор Дали







nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)