Эссе және өлең-жыр байқауы

Болат Үсенбаев

Болат Үсенбаев (1955 ж.т.) — ақын, журналист. Қытай Халық Республикасының Құлжа қаласында туған.

Еңбек жолын құрылысшы болып бастаған. 1980 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, 1981-1982 жж. «Жазушы» баспасында редактор, 1982 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің аға тілшісі, 1983-1986 жж. Шелек аудандық «Еңбек туы» газетінде, 1987 жылы «Лениншіл жас» газетінде тілші, 1988-1990 жылы «Аманат – Избиратель» газетінде бөлім меңгерушісі, 1990-1996 жж. «Жас қазақ» газетінде бөлім меңгеруші, жауапты хатшы болып қызмет еткен. 1996 жылдан «Ақ желкен» журналының, қазір «Балдырған» журналы бас редактордың орынбасары.

Алғашқы өлеңі 1971 жылы «Балдырған» журналында жарияланған. «Жеңеше» (2004), «Жүзік» (2008) жыр жинақтарының авторы.