Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Ги де Мопассан

Мопассан Ги, Де Анри Рене Альбер Ги (5.8. 1850, Трувиль-сюр-Арк, Миромениль қамалы – 6.7.1893, Париж) — француз жазушысы, ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі француз әдебиетінің реалист жазушылардың бірі. Ақсүйектер отбасында туып, балалық шағы Нормандияда өткен. Иветодағы діни колледжде, Руандағы лицейде оқыған (1870). Франция–Пруссия соғысына қатысқан (1870 – 71). Мопассан әдебиетте новеллист ретінде танылды, 16 новелла жазды. Ол өмір сүрген қоғамның кескін-келбетін бейнелеп, биліктің боямасыз көрінісін, саясаттың жалғандығын, демократия мен милитаризмді, отаршылдық өктемдікті шебер суреттеді. “Тельеннің үй-жайы” (1881), “Мадемуазель Фифи” (1882), “Вальдшнеп әңгімелері” (1883), “Апалы-сіңлілі Рондоли” (1884), “Мисс Гар-риет” (1884), “Иветта” (1885), “Орля” (1887), т.б. новеллалары бар. Мопассанның 6 романы, 18 әңгіме, мақалалар жинағы шықты. “Өмір” романы негізінде “психологиялық прозаның шебері” атанып (1883), кейін “Сүйіктім” (1885), “Монт-Ориоль”, “Пьер және Жан” (1887), “Өлімдей күшті” (1889), “Біздің жүрек” (1890) романдарын жазды. Жазушы шығармаларында қоғамдағы рухани құлдырау мен екіжүзділік (“Асыл бұйымдар”, “Марапатталған”), махаббат суреттеліп (“Ай нұры”, “Бақыт”), шынайы сезімнің құлдырауын, сауда-саттыққа, желөкпе ермекке айналуын (“Иветта”, “Шыншыл тарих”) әшкереледі. Әңгімелерінде шаруаның қараңғылығын ғана емес (“Бочонок”, “Шайтан”), өмір тұңғиығына тасталған адамдардың аянышты тағдырын да (“Қаңғыбас”, “Шкаф”, “Қайыршы”) жазды. Мопассан адамгершілікті (“Симона әкей”, “Мартенның қызы”), отаншылдық пен ерлікті, қайсарлықты (“Пышка”, “Мадемуазель Фифи”, “Милон атай”) дәріптеді. Мопассанның (“Пышка” (1935), “Бес әңгіме” (1937), “Әңгімелер” (1961), “Пьер мен Жан” (1967), “Өмір” (1970) атты шығармалары қазақ тіліне аударылған


Нақыл сөздері

Қажеті жоқ... Соғыстың қажеті жоқ! Дұрысы тірлік қылып, ізденейік. Шынайы даңқ - еңбекпен келген атақ. Соғыс жабайылардың еншісіне қалсын.

Ілмектер: соғыс, даңқ, қанатты сөздер, афоризм Ги де Мопассан

Әрбір соғыс үшін неге басшыларға соғыс жарияламасқа? Осыны халық түсінсе ғой... Олар өзгелерді адам өлтірмеуге шақырған күні соғыс аяқталар еді.

Ілмектер: соғыс, халық Ги де Мопассан

Соғыстың қажеті жоқ, қажеті жоқ... Оның орнына жұмыс істеп, ойланып, ізденейік. Ең үлкен жеңіс – бұл еңбектің жемісін көру. Ал соғыс - жабайылардың ісі.

Ілмектер: соғыс, еңбек Ги де Мопассан

Адамға махаббат қонған кезде жүрегі жерде жоқ элементпен толығады. Оның себебін білесің бе? Бұл бақыттың құпия сыры неде деп ойлайсың? Ол тек жалғыздығымыздың бітуімен байланысты.

Ілмектер: махаббат, жүрек, құпия, бақыт, жалғыздық Ги де Мопассан

Өзін сыйламайтын адам – бақытсыз, алайда өзіне толықтай көңілі толатын адам – нағыз ақымақтың өзі.

Ілмектер: адам, бақытсыздық, ақымақтық, ақымақ Ги де Мопассан

Кім өзін құрметтесе, сол – бақытсыз, бірақ оның есесіне өзіне әбден көңілі тоқ адам – ақылсыз.

Ілмектер: құрмет, бақыт, ақыл Ги де Мопассан

Махаббаттың тілі әрдайым бірдей, барлығы кімнің аузынан шығатынына байланысты.

Ілмектер: махаббат, тіл Ги де Мопассан

Қуаныш пен бақыттың жанымызға терең бойлағаны соншалық, оған үнемі ынтығамыз да тұрамыз.

Ілмектер: бақыт, қуаныш Ги де Мопассан

Бейбіт тұрғындарға шабуыл жасағанда соғыс рақымсыздықпен тең, ал Отан үшін күресу – бұл әркімнің міндеті.

Ілмектер: бейбіт, соғыс, отан, күрес, міндет Ги де Мопассан

Ата-анасын ардақтамаған ұл – нағыз қылмыскер. Ешбір ұлдың анасына бейжай қарауына құқы жоқ.

Ілмектер: ата-ана, ұл, ана, қылмыскер, ардақтау Ги де Мопассан

Өзіне шексіз риза болу — ақымақтық.

Ілмектер: ақымақтық Ги де Мопассан

Біз махаббаттың өлімдей күшті екенін білеміз. Есесіне ол әйнек секілді қорғансыз.

Ілмектер: махаббат, өлім Ги де Мопассан

Кеме капитаны апатқа ұшырауға қалай жол бермесе, мемлекет басында отырған кез келген басшы дәл солай соғыстан бас тартуы тиіс.

Ілмектер: соғыс, капитан, басшы, Мемлекет Ги де Мопассан

Жазушының бір ғана қабілеті бар. Ол өмірдегі шындықты көзімен көріп, оны нағыз шебердей суреттейді. Қалғандары екіжүзді адамның тірлігі ғана.

Ілмектер: жазушы, өмір Ги де Мопассан

Өмір шыңға шыққанмен бірдей. Асықпай шығасың, зымырап түсесің.

Ілмектер: Өмір Ги де Мопассан