Өлеңдер бөлімі

Сенека

Сенека Луций Анней (біздің заманымыздан бұрын 5 жылы Кордоба, – біздің заманымыздың 65, Рим) – рим философы, мемлекет қайраткері. Император Неронның тәрбиешісі және ел басшылығына ықпалын жүргізген кеңесшісі болған. Сенеканың көптеген еңбектері (“Луциге хаттар”, т.б.) бізге түпнұсқа түрінде жеткен.


Нақыл сөздері

...егер кітапты оқи қалсаң, оқыған нәрсеңнің негізгі ойын көңілге тоқи біл.

Ілмектер: кітап, ой, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сенека

Ғасыр жасасаң да, ғасыр бойы қалай өмір сүру керектігін үйрен.

Ілмектер: Өмір, үйрену, даму, өмір сүру, білім алу, ілгерлеу Сенека

Біреуге бірдеңе айтпастан бұрын, оны әуелі өзіңе айтып ал.

Ілмектер: қарым-қатынас, қарым-қатынас туралы нақыл сөз Сенека

Жақсылыққа үлгі көрсетіп жетпесе, уағыз айтумен жету қиын.

Ілмектер: жақсылық, үлгі, уағыз Сенека

Маскүнемдік — өз еркіңмен ақылдан алжасу.

Ілмектер: маскүнем, маскүнемдік, ақыл Сенека

Әлі де болса белгісіз бірдеңелер қалып тұрғанда ұдайы оқып үйрену керек болмақ.

Ілмектер: оқу, үйрену Сенека

Егер дұрыс пайдалана білсеңіз, өмір – ол айтарлықтай ұзаққа созылатын нәрсе.

Ілмектер: өмір Сенека

Жақсылыққа құр сөз арқылы шақырып, ынтықтыру мүмкін емес. Адамның табиғаты сол - кез келген нәрседе үлгіні қажет етеді.

Ілмектер: жақсылық, сөз, адам Сенека

Жазылудың ең негізгі шартының бірі – жазылуға деген құлшыныстың болуы. Егер сіздің іс-әрекеттеріңізде жазылуға деген құлшыныс болмаса, жалғыз дәрігердің күш-жігері нәтиже беруі екіталай.

Ілмектер: денсаулық, дәрігер Сенека

Егер кеме қай портқа барарын білмесе, оған ешбір жел қуалап соқпайды.

Ілмектер: кеме, жел, мақсат Сенека

Өзін басқара алмайтын адам – құл.

Ілмектер: адам, құл Сенека

Азғантай дүниесі бар адам кедей емес, көп дүние қалайтын адам кедей.

Ілмектер: кедей, дүние, қалау Сенека

Жастықтың қалай өтіп жатқанын ешкім де аңғармайды, ал өтіп кеткенін сезгенде әркім "Аһ" ұрады.

Ілмектер: жастық шақ, өкініш Сенека

Өмір ұзақтығымен өлшенбейді, мазмұнымен өлшенеді

Ілмектер: өмір, мазмұн, ұзақ Сенека

Кітаптардың саны емес, оның сапалысы, жақсысы пайда келтіреді. Бұны көбі біледі, мойындайды, бірақ өздері амал етпейді.

Ілмектер: кітап, сапа Сенека

Ерлік дегеніміз - үрейді жирене жек көру. Ол бізге төнген қауіп-қатерлерді мансұқ етеді, оларды шайқасқа шақырып, күйретеді.

Ілмектер: ерлік, қауіп Сенека

Достық сенімсіздік басталған жерде бітеді.

Ілмектер: достық, сенімсіздік Сенека

Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.

Ілмектер: үйрету, үйрену Сенека

Бәрінен күшті адам - өзіне-өзі ие болатын адам.

Ілмектер: өзін-өзі тану, адам, сенека Сенека