http://a-brands.kz/

Цицерон

Цицерон Марк Туллий (б.з.б. 3.1.106, Арпинум — 7.12.43, Кайета маңы) — Ежелгі Римнің саяси қайраткері, шешен, жазушы. Ақсүйектер әулетінен. Б.з.б. 63 ж. консул болған кезінде беделі қатты өсті (Катилинаның қастандығын ашты, сенатта басшы рөл атқарды). 1-триумвират (үштік одақ) құрылғаннан кейін ықпалы төмендеп, б.з.б. 58 — 57 ж. қуғынға түсті. Б.з.б. 56 — 50 ж. Гней Помпей мен Юлий Цезарьды жақтады. Олар араздасқаннан кейін (б.з.б. 49) азамат соғысы кезінде екеуін татуластырмақ болды. Цезарь жеңгеннен кейін (б.з.б. 47) саясаттан қол үзіп, ол өлтірілгеннен кейін ғана саясатқа қайта араласты. Оның Марк Антонийге қарсы 14 сөзі — “филиппик” осы кезеңге жатады.


Нақыл сөздері

Балаларым болса екен деу — табиғи нәрсе...бала болмаса, адам мен адамның табиғи байланысының болуы да мүмкін емес.

Ілмектер: адам, бала, табиғат, нақыл, афоризм Цицерон

Әділдіктің екі қайнар көзі бар: ешкімге зиян шектірмеу және қоғамға пайда келтіру.

Ілмектер: әділдік, зиян, қоғам, нақыл, афоризм Цицерон

Көп өтірік айтатын адамдар шыншыл болып көрінуге тырысып бағады.

Ілмектер: өтірік, адам, нақыл, афоризм Цицерон

Даналық - ғылымның бастауы.

Ілмектер: даналық, ғылым, нақыл, афоризм Цицерон

Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ. Бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне, осынысымен бағаланады.

Ілмектер: Тәрбие, мұғалім, шәкірт, нақыл, афоризм Цицерон

Кітабы жоқ үй жаны жоқ дене сияқты.

Ілмектер: кітап, үй, жан Цицерон

Бәрінен де тек қана өзіне бағынышты адам бақытты.

Ілмектер: тәуелсіздік, адам, бақыт Цицерон

Адамның келбеті жүрегінің айнасы.

Ілмектер: адам, жүрек Цицерон

Егер сырқат қатты болса, ұзақ емес, егер ұзақ болса, ауыртпалы емес.

Ілмектер: сырқат Цицерон

Өмір бойы сүйіп, махаббатыңды төккің келетін адамды да таңдай біл.

Ілмектер: өмір, махаббат Цицерон

Планетадағы әр адам өз ақылымен ойланып, өзгенің пікірінен тәуелсіз шешім шығара білуі керек.

Ілмектер: адам, ақыл Цицерон

Махаббат жастар айтпақшы құмарлықпен емес, сенімділік пен баяндылықпен өлшенеді

Ілмектер: махаббат, құмарлық, сенімділік, жастар Цицерон

Сананы тұрмыс билейді.

Ілмектер: сана, тұрмыс Цицерон

Шынайы достықсыз өмірдің мәні жоқ.

Ілмектер: Достық Цицерон


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)