Өлең, жыр, ақындар

Сыр мен сымбат

Мектеп: Ханарық ЖОМ.
Мұғалім: Рахмеджанов Азимжан Махамедович
Күні: 26.09.2016   №5
Тақырып: Сыр мен сымбат.
Сыныбы: 7« А»
Оқушылар саны: 20
Құндылық: «Сүйіспеншілік»
Қасиеттер: Жанашырлық, шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ет

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға сыр мен сымбат ұғымдарын сүйіспеншілік құндылығы арқылы түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділігі: Оқушыларды жанашырлыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардағы шынайылық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды адамдарға риясыз қызмет етуге тәрбиелеу.

 

Ресурстар:

(материалдар,

Дерексөздер)

Ы.Алтынсарын «Кел, балалар, оқылық»кітабы,

фотосуреттер,

үнтаспа, маркер,

ватман, видеобейне, үлестірме қағаздар, «Құндылықтар ағашы» суреті.

Сабақ  барысы:

1. Ұйымдастыру  кезеңі.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
   Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыздар.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

   Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарап бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып жүрегіңіздің қауызын ашты.

   Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.   Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздерғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз жақсы сөзбен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз де жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келді.

Нұр бірте-бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан –жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз олардың да жүрегі  нұрға толсын.

   Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түпкір – түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрмын...Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын.»

   Осындай Нұр, Махаббат, Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

   Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

   Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!

Ескерту: Балалар ережені еске түсіріп,сыныптың тәртібін сақтайық.

 

«5»-Т

 

Тәртіп

 

Тазалық

 

Татулық

 

Талап

 

Тыныштық

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №4 – сабақ. Жұмыс дәптердегі 1 – тапсырманы жазу.

2. Келесі сабақ. №5, М.Әуезовтың «Тоғжан аулында» романнан үзінді оқып келу. 33 –бет.

Сұрақтар:

1. «Абай жолы» романын кім жазған ?

2. Тоғжан кімнің қызы екен?

3. Жастар қандай ойын ойнайды?

4. Керімбаланың әрекеті дұрыс па?

5. Тоғжанның сымбатына ақылы сай екендігі неден байқалады?

7. Сұлулық деген сөзді басқа сөзбен қалай атауға болады?

8. Әңгімеден қандай ой түйдіңіздер?

 

3. Дәйексөз: 

Сұлулық – жүрек кілті.

Халық даналығы.

   Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту.

Сұрақтар:

  1. Сұлулық немен өлшенеді?
  2. Сыртқы сұлулық ішкі сұлулықтың айнасы дегенді қалай түсінесіз?
  3.  Балалар, тән сұлулығы мен жан сұлулығы арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыздар?
  4. Дәйексөзден не ой түйдіңіз?

Қорытынды: Адамның сыртқы сұлулығы ішкі рухани сұлулығымен сәйкес келсе нағыз сұлулық сол болмақ. «Сұлулық әлемді апаттан сақтайды» демекші, сұлулықтың, әдеміліктің өмірде маңызы аса зор. Сұлу болғың келсе, әдемі нәрселерге талпын. 

 

4. Әңгімелеу( мұғалім сыйы):

Алтын шеттеуік

Ы. Алтынсарин

Бір үлкен мейрам алдында, әкесі балаларын қуанту үшін үйіне әртүрлі жеміс алып келді. Леночка деген кіші қызы сол кептірілген көп жемістің ішінде сырты алтындаған шеттеуіктерге қызығып, соны маған бер деп қоймады.

Шешесі айтты:

– Бұл шеттеуіктер тек әдемілікке істелген, мыналарды ал, – деп, бөтендерін беріп еді, Леночка жылай бастады:

– Мен қара шеттеуікті алмаймын, алтын тыстысын аламын, оның ішіндегі дәні де тәтті шығар, – деп. Шешесі тіл алмайтын қисық баланың дегенін істегеннен артығы жоқ екенін ойлап, Леночкаға алтын тыстыларын, басқа балаларына бөтен шеттеуіктерді таратып берді. Леночка қуанып шеттеуіктерін дереу шаға бастады, қараса, бірінің де ішінде дәні жоқ, бос қабықтар екен. Мұны көріп қасындағы балалар мазақтап күле бастады.

Сонда атасы айтты:

– Бұл шеттеуіктер жеу үшін істелген емес, тек көзге әдемі көріну үшін қойылған; мен шеттеуіктердің бос қабығын алып, сыртын күміспен бояп қана қойып едім, екінші рет не нәрсенің де құр сыртына қарап қызықпа, асылы ішінде болар, – дейді.

 Сұрақтар:

1. Ленаны қандай  шеттеуіктер қызықтырды?

2. Әке қызына қандай сөз айтты?

3. Сыртқы бейне сұлулығы дегенді қалай түсінесіздер?

      4. Неліктен заттың сыртына қарап бағалауға болмайды?

    5. Заттың асылы ішінде болар - деген сөзді қалайтүсінесіздер?

   6. Неліктен әдемі нәрсенің барлығы үнемі жақсы бола бермейді? Себебін түсіндіріңдер.

   7. Әңгіме қай құндылық туралы айтылған?

   8. Сіздердің өмірлеріңізде осындай жағдай болды ма?Әңгімелеп беріңдер.

 

 5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс:

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

1 – топ: «Сымбат»

2 – топ: «Сұлулық»

3 – топ: «Әсемдік»

4 – топ: «Сүйіспеншілік»

Тапсырма: «Менің ойымдағы сұлулық» тақырыбына сурет салу

Үлестірмелі қағаздар, түрлі-түсті боялар, ватман

 

 

 6. Топпен ән айту.

Жақсы адамдар.

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

 

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

 

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

 

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

 

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

 

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Үнтаспа

7. Үй тапсырмасы.

1. №5 – сабақ. Жұмыс дәптердегі 1 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ: №6, О.Бөкейдің «Тәңірісі сұлулықтың марал деген…» әңгімесін оқып келу. 29 –бет.

 

8. Соңғы тыныштық сәті

Баяу музыка қойылады. Тыныс алуға зейін қою.

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м   а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізде сақтайық. Рахмет!

Әуенді бейне жазба


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз