Ұзын-қысқа ұғымдары

ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл ауылы
Б.Байқожина атындағы ясли балабақшасы
Абишова Айнұр Бейсеновна

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: Ұзын-қысқа ұғымдары.

Мақсаты: Ұзын-қысқа ұғымдары туралы түсінік беру, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, қарапайым математикалық ұғымдарды ажырата білуге үйрету.

Сөздік жұмыс: Ұзын-длинный-long, қысқа-короткий-short.

            

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің  іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бой сергіту жаттығуларын әуенмен жасату.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады, айналасымен, бір-бірімен амандасады.

Ұйымдастыру-іздестіру

 Оқу іс-әрекетін «Ормандағы ағаштар» деген ертегімен бастау.

Ертегіні кейіпкерлерімен ойнату.Ертеде орманда ұзын бойлы аққайың өмір сүріпті.Бір күні оның қасына қысқы бойлы қарағайлар келіп өсе бастапты. Бір күні олар жерге таласа бастапты.

Ұзын бойлы аққайың:Бұл жерде мен өсемін, бұл жер менікі -депті.

Қысқы бойлы қарағайлар:Бұл жер біздікі , бұл жерде біз өсеміз-депті. Осылай ұзын бойлы аққайың мен қысқа бойлы қарағайлар ұзақ дауласыпты.

Бір уақытта анандай жерде өсіп тұрған емен ағашы былай –депті:Бұл жер бәрімізге ортақ, бұл табиғаттың сыйы, ешқашанда дауласып, тартыспаңдар, ұзын бойлы  аққайың сен болмасаң мына жердің сәні кірер ме, ал қысқа бойлы қарағайлар сендер болмасаңдар мына жердің сәні кірер ме? Айналаларыңа қараңдаршы барлығымыз осы орманның сәні емеспіз бе? Оданда достасыңдар-дейді.

Бұл сөзге ұялған аққайың мен қарағайлар бір-бірінен кешірім сұрайды. Осыдан бастап орманда барлық ағаштар бірге өсіпті.,

   Мінеки балалар ертегі ұнады ма?

   - Ертегі нелер туралы?

   - Ұзын бойлы аққайың ағашы не деді?

   - Қысқа бойлы қарағайлар не деді?

   - Олар неге таласты?

   - Оларға қай ағаш ақыл айтты?

   - Ағаштар қайтті?

  Ендеше бүгін біз қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру сабағынан Ұзын-қысқа деген ұғымдармен танысамыз.

1.Тақтадағы суреттермен таныстыру,атату(көйлек ұзын-қысқа,ұзын жол- қысқа жол,ұзын сызғыш-қысқа сызғыш)

2.Ойын.»Не жетіспейді?»

Мақсаты:есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.

Сергіту сәті;

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен.

Ытқып-ытқып жүгірді.

 

 3. Ойын: «Кім тапқыр?»

Мақсаты:есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту,шапшаңдыққа,алғырлыққа үйрету.

 4.»Сипаты бойынша тап»интерактивті тақтадан жұмбақтар жасырылады.

 Сипаттау арқылы жұмбақтарды шешу.

1.Ұзын құлақты ,қыли көзді,қорқақ ол не?(қоян)

2.Түзу сызық керек бізге ол не?(сызғыш)

3.Адамдар да жүреді,көліктерде жүреді ол не?(жол)

 

Жұмбақтардың жауабы интерактивті тақта арқылы шығады.

 

Сабақты бекіту ойыны;

 «Топтастыру»

Мақсаты. Жаңа сабақты түсінгендерін байқау.                              

 

Оқу іс-әрекетіне отырады.

 

 

Оқу іс-әрекетіндегі ертегіні қызыға тыңдайды.

 

 

 

Аққайың,қарағай-лардың сөздерін естерінде сақтайды.

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

Ертегі кейіпкерлерінің сөздерін айтады.

 

 

 

 

 

Тақтадағы суреттер бойынша  салыстырады.

 

Жетіспейтін заттарды атайды.

 

 

Сергіту жаттығуын жасайды.

 

 

 

Ойынды қызыға ойнайды.

 

 

 

Сипаттау арқылы жұмбақтың жауабын табады.

Қоян, сызғыш, жолдарды салыстырады.

 

 

Интерактивті тақтаға қызыға қарайды.

 

Топтастыру арқылы

ойынды қызыға ойнайды.

Рефлексивті – түзетушілік

Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мақтап-мадақтап, жұлдызша тарату оқу іс-әрекетін аяқтау.

Мақтап-мадақтағанға қуанады

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Ұзын-қысқа ұғымдарды.

Нені игереді. Ұғымдар туралы түсініктерді.

Нені біледі: Қарапайым ұғымдарды ажырата біледі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)