Эссе және өлең-жыр байқауы

Бала өмірінің қауіпсіздігі тақырыбындағы тренинг

 

1.Танысу

Өз атыңыздың алғашқы әріпінен басталатын бойыңыздағы жақсы қасиетті атап өту. Мысалға менің атым Айнұр ақылдымын.

 2. «Бала өмірінің қауіпсіздігі туралы »  Баяндама

3. «Өз жұбыңды тап» ойын
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады).
Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыз.
Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.
Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл-күйі көтеріліпп, шаршағандығы тарқайды. Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді. 

4.Тілек шамы

 Ал, енді бәріміз мына үлкен ақ жүрекке назар аударайықшы. ол тірі емес, біз қазір оған жан береміз. мен сіздерге тренинг басталмас бұрын сіздерге жүрекшелер таратқанмын. сол жүрекшелердің артына сіздер тілектеріңізді жазуларыңыз керек. Қазір сол жүрекшелеріңіз дайын болса, мына тақтадағы үлкен ақ жүрекке әкеліп, ақ тілектеріңізді оқи отырып, жабыстырайық. Қараңыздаршы, ол біздің көз алдымызда тірілді. Бұл біздің топтың жүрегі, ол тренинг барысында үнемі дүрсілдеп тұрады.

Қорытынды:

«Ашық айтсам...» жаттығуы; қорытынды:

Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып, толтырылады.

Тренингтің  жүргізілген  күні_________________________________________

Аты-жөні ____________________________________________

Менің тренинг барысында түйгенім____________________________________

__________________________________________________________________ Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады_________________________________ Жүргізушіге ұсыныс_________________________________________________

__________________________________________________________________ Қолы _______________

 

 

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз