Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік, ұлтжандылық қасиеттерін дамытуға арналған этнопедагогикаға негізделген жоба

Балқаш ауданы, Бақбақты ауылы
«Арман» балалар бақшасы
Әдіскер: Эрданаева Гаухар Саутбековна

 

Түсінік хат

ІІІ мыңжылдықта білім беру мен тәрбиелеу үрдісінің жаңа арнаға бет бұрғаны баршамызға белгілі. Қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында имандылық сана-сезім қалыптасқан, мәдениетті, дені сау азамат өсіру – отбасының, балабақшаның, жалпы қоғамның қасиетті борышы.

«Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн.» – деп Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай балабақша тәрбие мен білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Балалардың жас ерекшелігіне  қарай танымдық қасиеттерін дамыту, шығармашылығын қалыптастыру, естіп, көру, үйрене білу дағдыларымен қатар тіл байлығын молайту мақсатында мен театр түрлерін қолдандым. Өйткені, осы жанр арқылы балаға қоршаған ортаны тұтастай қабылдауға, түрлі нысандар мен құбылыстар арасындағы байланысты саналы түсінуге, бір затты әр қырынан тануды үйретуге болады деп ойлаймын.

Жазғы сауықтыру кезеңіндегі «Қатынас» білім беру саласының  «Көркем әдебиет» оқу іс-әрекетін «Ақжүніс әжемнің қоржыны» деген тақырыппен алдым. Тақырыптың бұлай қойылу себебі, қазақ халқында иыққа асатын жол қалта болған. Осындай жол қалталарын «қоржын» деп атайды. Оны керекті заттарға толтырып, өзімен бірге иыққа салып, жолға алып жүруге болады. Бұл қоржын бірге тігілген екі дорбадан тұрады. Сол қоржынның екі қалтасына ертегі кейіпкерлерін саламыз. Әр қойылымда бұл қоржынды балаларға Ақжүніс әже әкеліп отырады да, балалар дайындаған жұмыспен толықтырып алып кетеді. Бұл саланы «Шығармашылық» білім беру саласымен байланыстырдым. Өйткені, балалар сахналау, декорация жасау, кейіпкерлерді бейнелеуді «Жапсыру», «Мүсіндеу», «Сурет», «Музыка» оқу іс-әрекеттері арқылы  дайындайды.

Ұлтының рухани қорына үлес қосып, тәрбиенің тіршілігіне жетелейтін ғажап дүниенің түйінін айтқан Б.Момышұлы: «...дәстүрді сыйлай алмайтын баланың өсуінен қорқамын, өйткені, бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді, дәстүр әуендерін бойына сіңіріп өспегеннің көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын» – деп бүгінгі  күнгі  тәрбие мәселесіне орынды алаңдаушылық білдірген. Театр әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік  талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Ертегіні сомдай отырып дәстүрдің түп мағынасын түсінуге бір қадам жақын келеді.

Әдетте, адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтан да, баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің  бойына жақсы қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға боп тәрбиеленуіне, әсіресе  тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады. Ал театрландырылған ойынды балалар қызықтап ойнайды. Сондықтан баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамытуға болады. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты оятуға болады.   

Бізідің пікірімізше, сюжетті рөлдік қойылымдар, театрлық қойылымдар өз комплекстік тәрбиенің, тұтас педагогикалық үрдістің таптырмайтын құралы. Сондықтан «идеялық өндіріс, түсіну, сана әуел баста адамдардың материалдық іс-әрекетінен өмірінің ақиқат тілі» – деп көрсетеді К.Маркс. Тәрбие үрдісі тәрбиеленуші мен тәрбиешінің бірлескен әрекетінен тұратын күрделі үрдіс.

Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдер ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог – балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.

Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқыда жекелеген элементтерді, кейіннен рөлді толығымен ойнау, оның дикорациясын дайындауға қатысу арқылы баланың ой-өрісі, қиялы, шығармашылығы  дамиды. Рөлді ойнауда өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған  өмір көріністеріне таңқалдырып, өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы шығара білуге үйретеді.

Театрланған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балалар әңгімеге  араласуға, спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.

Негізгі мақсаты:
- Балалар бақшасындағы баланы театр түрлері арқылы шығармашылық және парасаттылық қабілеттерін жан-жақты дамыту.
- Сөз өнерін қастерлей білуге, өз білімін көтеруге, шешендікке баулу;
- Балалардың сөздік қорларын байытып, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу,
- Театрлық іс-әрекетті, ертегілерді пайдалана отырып- ойын дамыту;

Міндеттері:

•    Балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой өрісін, дүниетанымын жетілдіру;
•    Балаларды адамгершілікке баулу, ойын нақты тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға баулу;
•    Баланың қиялын есте сақтауын, шығармашылық қабілетін дамыту,ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру;
•    Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған орнтаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;

Театрландырылған іскерлік жоба бөлімдері:

1. Театрландырылған ойын.
Кез келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және үлкендермен дұрыс қарым-қатынас жасап, кез келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарап, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту. Бұл бөлімдегі ойын
3-ке бөлінеді:
1) дамытушылық
2) әсемдік
3) театрлық

2. Ырғақтыиілгішті (ритмопластика)

Бұған кешенді ырғақтылық, музыкалық иілгіштік ойындар мен жаттығулар кіреді. Дене қозғалысының нақтылығы мен еркіндігін дамытуда, өзінің денесінің сыртқы қоршаған орта мен байланысқан қарым-қатынасын сезіндіре отырып, балалардың  эстетикалық, психологиялық  қабілетін дамытады.

3. Сөз мәдениеті және техникасы.

Ойындар мен жаттығулар, сөйлеу логикасын, дикциясын артикуляциясын меңгере білуге,сөйлеу құрылымын еркін айтуға, тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бұл бөлімге сөздермен айтылатын ойындар кіргізілген. Бейнелеу арқылы сөйлетуін дамыту, шығармашылық фантазиясын дамыту, шағын әңгіме және ертегі құрастыра білуге үйрету. Жаттығулар 3-ке бөлінеді:

*тыныс алу және артикуляциялық

*дикциялық және интонациялық

*сөздер мен шығармашылық ойындар

4.Театр мәдениеті

Балаларға театр өнерінің шынайы сезімдерін меңгерту. Бөлімнің негізгі тақырыптары: театр өнерінің ерекшеліктері, театр өнерінің түрлері, қойылымның жасалуы, көрермендер мәдениеттілігі.

5.Қойылыммен жұмыс - жанама бөлім, авторлық сахналауға негізделген. Оған кіретін тақырыптар:

*қойылыммен таныстыру

*қойылымды мазмұндап, талдау, кейіптендіру.

*қойылымға қажетті құралдар дайындау. Көріністі безендіру

*Дайындық

*Қойылымды сахналау.

Қолданылатын театр түрлері

*Қуыршақ театры - Бұнда балалар қысқа тақпақтар мен сөздерді жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап –ақ кішкене көлемді спектакльдерде ойнайды. Мұндағы адамдар рөлін қолға киілген қуыршақтар орындайды. Тігілген қуыршақтарды алақанға киеді, олар тірі қуыршаққа ұқсайды. Балалардың өздері қуыршақ  жасау кезінде қатыстыруға  болады. Бұл қуыршақтарды  балалар әнмен, бимен, ойынмен көрсете отырып шығармашылықтарын дамытады. Бұл балалардың өздерін еркін сезінуіне, өз күшіне сене білуіне көмектеседі.

*Саусақ театры - саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең, тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады, шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді.

*Үстел үстіндегі театр - Сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын  және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтар театрдың бірнеше түрі бар: әртүрлі биіктіктегі конустан, цилиндрдан, қораптан жасалған ойыншықтар. Таяқшадан жасалған театр, ермексаздан жасалған ойыншықтар.

*Көлеңке театры – ортаңғы тобынан бастап-ақ екі немесе үш кейіпкерлерден тұратын ертегілерді сомдауға болатын оңай тәсілі. Көлеңке театрының балалар үшін ерекше болып көрінуі анық. Өйткені кейіпкердің тек көлеңкесін танып білу, кейіпкердің сырт бейнесін, қимыл-қозғалысын келтіре білу маңыздырақ болмақ.

*Сюжеттік -рөлдік ойындар - баланың жанына жақын тақырыптар мен таныс ертегі кейіпкерлері бейнесін сомдайтын  сюжеттер көрсетуге қатыстыру. Мынандай іскерлік түрлерін қалыптастыру: қарапайым сюжеттер ойлап табу, оны құрдастарымен бірге орындау, ойын кезінде бір-бірімен байланысты бірнеше әрекет түрлерін атқару, екі кейіпкердің қарым-қатынасын көрсету.

Баланың өз бетінше рөлді толықтыра түсетін заттар мен  көрсетілімге қажетті костюмдер таңдау талпыныстарын мадақтап, қызығушылығын арттыру.

Жобаның мазмұндық бөлімі.

Бірінші  бөлім. Қуыршақ театры (8 сағат)

Бұл бөлімде «Тігінші мен ай» қазақ ертегісі көрсетіледі. Рөлдер бойынша балалар қуыршақты қозғалта білуі, сөз мәдениеті және техникалық жұмыс жасалады. Ертегі желісі бойынша  қазақша күн санау, айдың толуы және тууы туралы түсінік беріледі.

Екінші бөлім. Саусақ театры ( 6 сағат)

Бұл бөлімде «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі көрсетіледі. Әр саусаққа киілетін кейіпкерлермен жұмыс жасалады. Баланың физиологиялық дамуына ықпал ететін бала моторикасы дамиды. Бала ертегіні толық меңгереді. Өйткені, бір бала бір ертегіні өзі көрсетеді, барлық рөлдерде өзі ғана ойнайды. Өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады.

Үшінші бөлім. Стол үсті театры. (8 сағат)

Бұл бөлімде «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»  ертегісі көрсетіледі.

Ермексаздан, геометриялық фигуралардан (конус, цилиндр, қорап, т.б) құламайтын пішінде  жасалған кейіпкерлерді қозғалта отырып, ертегіні баяндау. Ертегіні баяндай отырып, «жақсылық» пен «жамандық» туралы түсінік қалыптастыру. Балаларға әртүрлі пішінде жасалған кейіпкерлермен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру. Дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, интонация, дикциямен жұмыс жасау.

Төртінші бөлім. Көлеңке театры. (6 сағат)

Бұл бөлімде «Түлкі мен тырна» ертегісі көрсетіледі. Қатты картон қағаздан кейіпкерлердің отрибутын және керекті ыдыс пішіндерін жасау. Ертегіні баяндай отырып балаларға сыйластық, құрмет пен қонақжайлық жайында түсінік беру. Балаларға кейіпкерлердің мәдениетті сөйлеуі мен қимыл-қозғалысын дұрыс келтіре білу дағдысын қалыптастыру.

Сюжеттік - рөлдік ойындар. (8 сағат)

«Мақтақыз бен мысық» ертегісі дайындалады. Сахна декорациясы, кейіпкерлердің костюмдары, маскалар  балалармен бірігіп отырып дайындалады. Балалар ойын кезінде қимыл-қозғалыс, бір-бірімен байланысты бірнеше әрекет түрлерін атқару арқылы екі кейіпкердің қарым-қатынасын көрсетеді. Дене қозғалысының нақтылығы мен еркіндігін, өзінің денесінің сыртқы қоршаған ортамен байланысқан қарым-қатынасын сезіне отырып, эстетикалық, психологиялық қабілеті дамиды. Ертегі арқылы балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады.

Мазмұндық  бөлім

р/с

Тақырыптың аты

Сағат саны

Өткізу түрі

Оқушы шығармашылығы

І. Кіріспе.  

1

 «Қуыршақ театры»

1

Әңгіме

 

2

«Ақымақ қасқыр» ертегісі

1

Мазмұнын айту.

Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу

3

Ертегіні қойылымдау

1

Ертегіні сомдап көрсету.

Кейіпкелдердің сөзін жаттау.

4

«Тігінші мен ай» ертегісі

1

Оқу, мульттоптама көру

Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу

ІІ. Қойылыммен жұмыс

1

Қойылымды мазмұндап, талдау, кейіптендіру.

1

Мазмұнын айту, рөлдерге бөлу, іріктеу

Өз кейіпкерінің сөздерін  жаттау

2

Қойылымға қажетті құралдар дайындау.   Көріністі безендіру

1

Жапсыру

Сурет салу

Мүсіндеу

Ертегі кейіпкерлерін, сахна көрінісін дайындайды

3

Дайындық.

1

Музыка

Балалардың сөз мәдениеті және техникасымен жұмыс

4

Қойылымды сахналау.

1

Музыка

Балалардың ертегіні сахналауы

І. Кіріспе  

1

«Саусақ театры»

1

 

Әңгіме. Буклет

 

2

Отбасым

1

Түсіндіру.

Балалардың жаттауы

3

 «Қарлығаш пен дәуіт» Ертегісі

1

Оқу, талдау,

Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу

ІІ. Қойылыммен жұмыс

1

Қойылымға қажетті құралдар дайындау.   Көріністі безендіру

1

Жапсыру

Сурет салу

Ертегі кейіпкерлерін, сахна көрінісін дайындайды

2

Дайындық.

1

Музыка

Балалардың сөз мәдениеті және техникасымен жұмыс

3

Қойылымды сахналау.

1

Музыка

Ертегіні сомдайды

 

І. Кіріспе

1

 

«Стол үсті театры»

1

Әңгіме

 

2

 

Ормандағы үй

1

оқу, талдау, мульттоптама

Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу

3

 

Ертегіні қойылымдап  көрсету

1

Қойылымдау

Кейіпкерлердің сөздерін жаттау

4

 

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» Ертегісі

1

оқу, талдау, мульттоптама

Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу

ІІ. Қойылыммен жұмыс

1

Қойылымға қажетті құралдар дайындау.   Көріністі безендіру

1

Жапсыру

Сурет салу

Ертегі кейіпкерлерін, сахна көрінісін дайындайды

2

Қойылымға қажетті құралдар дайындау.   Көріністі безендіру

1

Жапсыру

Сурет салу

Мүсіндеу

Ертегі кейіпкерлерін, сахна көрінісін дайындайды

3

Дайындық.

1

Музыка

Балалардың сөз мәдениеті және техникасымен жұмыс

4

Қойылымды сахналау.

1

 

 

І. Кіріспе. 

1

«Көлеңке театры»

1

Әңгімелеу

 

2

«Түлкі мен тырна» ертегісі

1

Мульттоптама көру

 

ІІ. Қойылыммен жұмыс

1

Қойылымды мазмұндап, талдау, кейіптендіру.

1

Мазмұнын айту, рөлдерге бөлу, іріктеу

Өз кейіпкерінің сөздерін  жаттау

2

Қойылымға қажетті құралдар дайындау.   Көріністі безендіру

1

Жапсыру

Сурет салу

Мүсіндеу

Ертегі кейіпкерлерін, сахна көрінісін дайындайды

3

Дайындық.

1

Музыка

Балалардың сөз мәдениеті және техникасымен жұмыс

4

Қойылымды сахналау.

1

Музыка

Балалардың ертегіні сахналауы

І. Кіріспе. 

1

«Сюжетті–рөлдік»    сахналау

1

Әңгіме

 

2

«Жыл басы» ертегісі

1

Ертегіні оқып беру, мульттоптама көру

Кейіпкерлерді бейнелеу

3

Ертегіні мазмұндап, қойылымдау

1

Маумұндау, сахналау

Кейіпкерлердің сөздерін қайталау.

4

 

«Мақтақыз бен мысық» Ертегісі

1

Оқу, кітаппен, буклетпен жұмыс

Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу

ІІ. Қойылыммен жұмыс

1

Қойылымды мазмұндап, талдау, кейіптендіру.

1

Мазмұнын айту, рөлдерге бөлу, іріктеу

өз кейіпкерінің сөздерін жаттау

2

Қойылымға қажетті құралдар дайындау.   Көріністі безендіру

1

Жапсыру

Сурет салу

Ертегі кейіпкерлерін, сахна көрінісін дайындайды

3

Дайындық.

1

Музыка

Балалардың сөз мәдениеті және техникасымен жұмыс

4

Қойылымды сахналау.

1

 

 

 

Барлығы

36 сағат

 

 

 

Жобаны  жүзеге асыру барысында керекті әдебиеттер мен көмекші құралдар.

1. ҚР МЖ  міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту .
2. Балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Қарлығаш», «Балбөбек», «Алғашқы қадам», «Зерек бала», бағдарламалары.
3. Мульттоптамалар жинағы ( диск)


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. ҚР МЖ  міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту .
2. Балбөбек. Қазақ балабақшасына арналған бағдарлама.- Алматы, 2006 ж.
3. Беделбаева Х. Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниені қабылдауы Алматы мектеп, 1976 ж.
4. Қазақ балалары поэзиясының антологиясы.- Алматы.1993 ж.
5. Қазақ Совет энциклопедиясы 9 том.- Алматы,1976 ж.
6. Қазақтың салт-дәстүрлері. – Алматы: Рауан,1994ж.
7. Калиев С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері.-Алматы 1999ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)