Графикалық режім

Бекітемін:

 

Пәні:

Сыныбы:

Күні:

Информатика

8 ә,б

__.__.2017

Сабақтың тақырыбы: 

Графикалық режім. Мәтіндерді графикалық режімде жазу процедуралары

Мақсаты: 

Графикалық экранда мәтін жазу үшін мәтіндік тәсілдерді қолдануды үйрету.

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар істей алады: АВС Паскаль программалау тілінде жұмыс жасауды.

Оқушылардың көпшілігі істей алады: х, у координатасымен жұмыс жасап, графикалық режімде мәтінді шығарады .

Кейбір оқушылар істей алады: алынған программа бойынша нәтижені бағалауды

Сабақ типі

Түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

PascalABC бағдарламасы, жұлдызшалар, үлестірмелі қағаздар, конверт

Терминдер

Графика, Line, Circle, SetPenWidth,Rectangle, FloodFill, SetPenColor, Textout(х,у, ‘мәтін’)

Ұйымдастыру

Сәлемдесу.

Журнал толтыру.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Жұлдызша арқылы топқа бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау

1. Х координатасының бағыты қалай орналасқан? Нүкте саны?

2. У координатасының бағыты қалай орналасқан? Нүкте саны?

3. Нүкте салу процедурасы?

4. Түзу салатын қандай процедура бар?

5. Төртбұрыш салу үшін қандай координаталарды енгіземіз?

6. Шеңбер салу процедурасы?

Жаңа тақырып

Uses-арнайы графиктік оператор;
Graph- Паскальда графикалық бейнелерді салуға арналған стандартты кітапханалық модуль. Ол әр түрлі адаптерлі дисплейлерде графикалық режимдерді толығымен басқаруды қамтамасыз ететін программалардың кітапханасы;

Координаттар жазықтығы

Паскальдағы графикалық режимде төмендегі координаттар жазықтығы пайдаланылады.

Графикалық режимдегі координаталар жазықтығындағы бірінші Х координатасы көлденеңінен солдан оңға, ал екінші У координатасы тігінен, жоғарыдан төмен қарай өзгеріп отырады. Координатаның басы сол жақ жоғарғы бұрыштағы (0,0) координатасы болып табылады. Х координатасында 640, ал У координатасында 480 нүктесі бар, яғни координатаның оң жақ төменгі бұрышындағы нүкте (640,480)
 

SetPixel(x,y,color) – экранға экранға X,Y координаталары арқылы нүкте салады. Сolor – оның түсін анықтайды.

Line(x1,y1,x2,y2) - экранда (X1,Y1) нүктесінен (X2,Y2) нүктесіне дейін кесінді сызады

SetPenColor(color) – қарындыштың түсін таңдайды, color түсі

SetPenWidth(n) – кесіндінің қалыңдығын таңдайды, n пиксель. 
Line(x1,y1,x2,y2); LineTo(x,y);

Rectangle(x1,y1,x2,y2) – экранда сол жақ жоғарғы (x1,y1) және оң жақ төменгі (x2,y2)координаталары бойынша төртбұрыш салады.

FloodFill(x,y,color) – таңдалған стиль бойынша тұйық фигураның ішін бояйды.

Circle(x,y,r) - экранға шеңбер сызу процедурасы Мұндағы,(Х,Y) – центрдің координатасы, ал R –радиусы.
Textout(х,у, ‘мәтін’)- экранға мәтін жазу

Практикалық жұмыс

Паскаль бағдарламасында төртбұрыш салу.

Ішіне өзінің атын Textout(х,у, ‘мәтін’) процедурасы арқылы енгізу

Program liniay;

uses GraphABC;

begin

setpencolor(clred);

rectangle(100,10,200,150);

readln;

end.

http://www.runcms.org/tools/tajmer-obratnogo-otscheta-onlajn.html

Сабақты бекіту

Координаттарын анықтау

Оқушылар сабақ туралы ойын конвертке салады.

Үй тапсырмасы

Шыршаның салыну жолының алгоритмін құру

Бағалау

Өзін-өзі бағалау


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)