Табиғатқа саяхат. Ә әдыбысы мен әрпі

Бекітемін: Мұғалімнің аты-жөні: Баймбетова Майгүл Күні : 19.01 Сауат ашу: 108 - сабақ Сабақ тақырыбы: Табиғатқа саяхат. Ә әдыбысы мен әрпі Сынып: 1 «А» Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Осы мақсат арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 1.2.9.1Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру 1.2.1.2Оқудың түрлерін(буындап оқу, жиі кездесетінсөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану 1.2.2.1Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну 1.2.1.2Оқудың түрлерін(буындап оқу, жиі кездесетінсөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану 1.1.9.2Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну 1.3.11.1 Сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою Сабақ мақсаттары: күтілетін нәтиже, саралау. Барлық оқушылар орындай алады: Ә дыбысымен танысады. Ә дыбысын ажыратады. Ә әрпінің сөздердегі орналасу ретін біледі. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Ә дыбысынан сөздер ойлап табады.Сұрақтарға толық жауап береді. Кейбір оқушылар орындай алады: Ә әрпінен келетін сөздерге сөйлем құрайды. Алған білімді өмірде қолдана алады. Тілдік мақсат: Тірек сөздер: Әже, әке, дәрі, дән. Сыныптағы диалог жазылым үшін сай келетін тіл стилі: «сұрақ-жауап» Дыбыстардың неше түрі бар? Қандай дауысты дыбыстармен таныстық? Қандай дауыссыз дыбыстарды білеміз? Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілер қойылады. Алдыңғы оқу: Дыбыстар мен әріптерді ажыратады. Дыбыстардың түрлерін біледі. Дыбыстық талдау жасай алады.Сөздерді буынға бөле алады. А Н Л Р О Т У Ш С Д Ы дыбыстарын таниды. Дағды: - білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті. - қарым – қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда) Рухани құндылықтар: - қарым – қатынас жасау қабілеті. - жауапкершілік - қамқорлық - өмірмен байланыстыру Жоспар: Жоспарланған уақыт есебі Жоспарланған жаттығу түрлері төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз Рес-с Басы: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Білу Шаттық шеңбері: Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз. Өткенге шолу -Оқушылар қандай дыбыспен таныстық? -Ә дыбысы қандай дыбыс? «Мен» әдісі -Ә дыбысы болып бір оқушы сипаттап шығады. «Сиқырлы асықтар» ойыны -Оқушыларға сиқирлы қапшық ішінде сиқырлы әріптердің бары айтылады. Оқушылар асықтарды таңдай отырып, асықта жазылған әріпті сипаттайды. Мысалы. «А» дыбысы жуан дауысты дыбыс. Қызығушылығын ояту. Тыңдалым -Оқушыларға әтештің дыбысы тыңдатылады. Оқушылармен әтеш туралы әңгіме жүргізіледі. Еске түсіру ¬Ә дыбысы – жіңішке дауысты дыбыс. Ә дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында келеді. Оны қызыл текшемен белгілейміз. Диалог әдісі -Бір оқушы сөз ойлайды, екінші оқушы сөйлем құрастырады. Мысалы: 1-ші оқушы: Әке 2-ші оқушы: Әкем жұмыстан келді. 1. Оқылым Шана Әкем туған күніме шана сыйлады. Мен қатты қуандым. Әкеме рақмет айттым. Шана әдемі. Қыста шанамен сырғанаймын. Ортасы: 2. Жазылым: дәптермен жұмыс Ә әрпінің жазылуымен танысады. Ә әрпінің жазылуын бейнежазбадан тамашалайды. Жұмыс дәптерде берлген тапсырмаларды орындайды. Жұппен жұмыс Оқушылар жазған дәптерлерін бір-бірімен алматырып, жазуларын тексеріп шығады. Сергіту сәті: Жаңылтпашты оқы және жаңылмай жатқа айтып көр. Келген малшы Әрі әнші, Әрі аңшы. Дыбыстық талдау Малшы, әнші, аңшы Дескриптор: Білім алушы - әріп элементтерін дұрыс салады; - әріптерді бір-бірімен байланыстырып жазады; - жазу жолын сақтайды; - сөзді сауатты, көркем жазады. Кері байланыс: -Жарайсыңдар! Тамаша! Соңы: 3. Әріптерден сөз құра. Оларға сәйкес суретті таңда. Топпен жұмыс 1-топ: «Артығын тап» ойыны 2-топ: Жұлдызқұрттан сөз құрау. 3-топ: Суреттегі ә әрпі бар сөздерді табу. Жетелеу сұрақтары: -Қандай дыбыспен таныстық? -Ол қандай дыбыс? -Ә дыбысы мен әрпін тануда бізге қиын болды ма? -Қандай сөздерді оқуда қиналдыңдар? -Қандай сөздер бізге бұрын таныс еді? - Қандай сөздерді бірінші рет естідіңдер? -Сабақ ұнады ма? • Кері байланыс • -Саусақ бармақтары арқылы бүгінгі сабақты бағалайды. Сабақты қорытындылау: «Егер сабақ ұнаса…» ойыны. Егер сабақ ұнаса саусағыңды тырсылдат, Егер сабақ ұнаса аяғыңды тарсылдат. Егер сабақ ұнаса шапалақта жараса, Егер сабақ ұнаса айтайықшы «ТАМАША!» Дескриптор: Ә әрпін таниды. Ә әрпін салуды үйренеді. Ә жіңішке дауысты дыбыс екенін ажыратады. Ә әрпінен келетін сөздерді айта алады. Ә әрпіне байланысты берілген сөздерді оқи алады. Кері байланыс: -Жарайсыңдар! Рефлексия. Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті? Қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? Тапсырмалар сәйкес болды ма?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)