Аналарды сүйеміз

«Балбөбек» бөбекжайы КМҚК
«Құлыншақ» тобының тәрбиешісі: Эшназарова Карима Тулепбергеновна

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме? Құрметті Әжелер мен абзал аналар, ардақты апайлар және ару қыздар! Сіздерді 8-Наурыз аналар мерекесімен құттықтап «Құлыншақ» тобының бүлдіршіндері дайындаған «Аналарды сүйеміз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.

Той-тойлап дала мен қалаларым,
Мерекең құтты болсын аналарым!
Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін,
Құттықтауға келеді міне балаларың-деп, отыра сіздерге арналған мерекемізді әсем әнмен ашуға рұқсат етіңіздер.

Ән: «Айналайын анашым!»

Жүргізуші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем.
Жүргізуші: Көктем мезгілінің айларын маған айтып беріңдерші.
Балалар: Наурыз, Сәуір, Мамыр.
Жүргізуші: Ал көктемде қандай өзгерістер болады екен?
Күн жылынады, қар ериді, құстар ұшып келеді және бәйшешек, қызғалтақ гүлі шығады.
Балалар, Көктемде көп өзгерістер болады екен, ендеше балалар көктемді ортаға шақырайық.
Балалар: Көктем, көктем, көктем.
Көңілді әуенмен ару көктем келеді.
Ару Көктем: Сәлем достар аманба?
Мынау бибіт заманда.
Шат-шадыман көктем келіп,
Шаттық толсын аманда.
Ән құрадым әніммен,
Сән құрамын гүліммен.
Қуантамын бәріңді,
Құт береке күніммен.
Ару Көктем: Сәлеметсіздер ме, қонақтар,балалар! Мен Ару-Көктеммін!
Сендердің дауыстарыңды естіп келдім. Қандай мереке болып жатыр?
(Балалар Көктеммен амандасады).
Жүргізуші: Амансыз ба, ару Көктем! Біз балалармен 8 Наурыз аяулы аналарымыздың  мерекесін тойламақшымыз. Келіңіз төрлетіңіз біздің балалардың мерекеге арналған тақпақтарын тыңдаңыз.

Тақпақтар:
Айару:                                                                
Анашым анам,                                            
Тіліңді алам.                                              
Ризамын саған,
Ақылды болам. 

Димаш:
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.

Айсұлтан:
Анашым жан анам,                  
Балдай тәтті жан анам.    

Ақжарқын:
Мамама мен тілеймін,
Өмірдегі бақытты.                            

Сафия:  
Анамның біз гүліміз,
Ана - біздің күніміз.

Ару Көктем: Жарайсыңдар балалар! Сендер ойынды жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Ия
Ару Көктем: Ендеше келіңдер жақындап  ойын ойнайық.
Ойын: «Гүлдерді жинау».
Жүргізуші: Рақмет сізге Ару көктем, енді біздің қыздарымыздың биін тамашалаңыз.
Би: «Тик-так».
Жүргізуші: Жарайсыңдар енді Аналар мерекесіне арналған тақпақтарымызды әріқарай жалғастырайық.
Тақпақтар:

Эльзара:
Менің мамам әрқашан,            
Көңілді де әдемі.                                               
Менің мамам әрдайым,                                    
Әсем болып жүреді.      

Нұрсұлтан:  
Айналайын анашым,        
Жұмысқа барасың.                  
Қайтып мені көргенше,
Шын сағынып қаласың

Ақниет:
Әлпештеген баласын,                 
Ана бақыт, ана гүл.

Шыңғыс:
Анашым мен сүйем сені.

Аделя:  
Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді,
Біздің үйдің бәріне.

Жүргізуші:
Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.-деп отыра.
Ендігі кезекті ұлдарымыздың биіне берейік.

Би: «Кір жуу».
Ән: «Анашым»

Жүргізуші:  Баланың да жүрегі,
Ананың да жүрегі.
Шаршамасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Би: «Жігіттер».
Бүгінгі Аяулы аналар мерекесіне арналған «Аналарды сүйеміз»атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңыз көп рахмет. Мерекелеріңіз құтты болсын!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)