сайыс
ozgetil.kz

Сиқырлы жаңа жыл!

Оңтүстік Қазақстан Облысы Түркістан қаласы
МКҚК «Болашақ» ясли-бақшасының тәрбиешісі
Төлеш Сандуғаш Қойшықарақызы

Мерекелік ертеңгілік

Тақырыбы: «Сиқырлы жаңа жыл!»

Жүргізуші: Армысыздар аяулы ұстаздар, ата-аналар, балалар!

«Бөбек» тобының «Сиқырлы жаңа жыл!» ертеңгілігіне қош келіпсіздер!

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,

Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін.

Бәрімізге мына жыл арайлы,

Құтты болсын ағайын, Жаңа жылың тағыда.

Қол соғып қарсы алайық,

Шақырайық ортаға.

Ертеңгілік басталсын «Бөбек» тобын ортаға,

Хор: Құтты болсын, Жаңа жыл!

Жүргізуші: Балалар біз бірнеше ертегі білеміз, бүгін бәріміз күнде теледидардан көріп жүрген «Маша мен аю» ертегісін тамашалайық. Осы ертегінің арасында менің кішкене бүлдіршіндерімнің  жаңа жылға арналған тақпақ, өлең, билерін тамашалаңыздар.

Ертеде кемпір мен шал өмір сүріпті. Олардың Маша атты ерке немере қызы болыпты. Ол өзінің құрбы-қыздарымен орманға баруға жиналыпты.

Тақпақтар

Атасы мен әжесі Машаға-Құрбыларыңнан қалып қойма!, деп ескертіпті. Бірақ Маша олардың айытқанын тыңдамапты. Ол құрбыларынан алысқа ұзап кетіп, ақырында адасып қалады.

Би: Гномдар

Жүргізуші: Құрбылары Машаның даусын естімейді. Маша ымыр түскенше орманды кезіп жүреді. Кенеттен бір үйді көреді. Маша үйге келіп:

- Бұл үйде кім тұрады екен деп ойлайды.

Маша менің менің кішкене Ақшақар қыздарымның «Ұлпалар биін» тамашалап көңіліңді көтер.

Би: «Ұлпалар»

Жүргізуші: Маша ойланып тұрғанда қасына Аю жетіп келеді.

- Менің үйіме неге рұқсатсыз келесің деп гүр ете түсті.

- Маша:-Мен адасып кеттім, бүгін осында қалайын ертең үйге қайтамын деді.

- Аю:-Жоқ! Енді мен сені жібермеймін, сен менімен бірге тұрасың, пеш жағып, ботқа пісіріп, мені тамақтандырасың-дейді.

- Маша біраз бұртыйды, бірақ не шара?!

Ол Аюдың үйінде тұра бастайды. Маша үй жинап бәліш пісіреді.

Жүргізуші: Маша мен Аюдың көңілін көтеру үшін бір ән тыңдаңыздар.

Ән: «Құтты болсын, Жаңа жыл!»

Ал Аю күн ұзақ орманда болады. Осы кезде есік қағылып Аяз ата мен Ақшақар, Тауық  келеді.

Аяз ата: Амансыңдарма ұлдарым,

Қырмызы сұлу қыздарым.

өздеріңді сағындым

Көп  сыйлығым жоралғым.

Жаңа жылдарың құтты болсын!

Ақшақар-Сәлеметсіңдерме балалар, Жаңа жылдарың құтты болсын!

Сүйсіндірер маңайды,

Ақшақармын арайлы.

Жалт-жұлт еткен жүзімнен,

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын ,

Қалай тыныш жатпақпын .

Менсіз қыстың сәні жоқ,

Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Аяз ата:  Шыршаларыңның шамы жанбаптығой,

Мен шырша шамын жағып берейін.

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат.

Тауық: Ауылдастарым, достарым,

 Алғысым көп айтарым,

Дәл осындай артығырақ.

Қарсы алыңдар «Ит» жылын. Тауық қоштасады.

Жүргізуші:  Маша атасымен әжесін сағынады. Маша аюға-атам мен әжемді көрмегелі көп болды. Мен бәліш пісіріп берейін, сен оларды апарып бер деп еді, ол келісі кетеді.

Аю арқасында қоржынды іліп алып ауылға тартады. Маша болса артынан жайлап еріп отырады.

Аю жолда сәл тынығып алғысы келеді.

- Түбірге отырып бәліш жеймін,-деп ойлайды.

Маша арқасынан-Түбірге отырушы болма, бәлішті жеме, ата мен әжеме апар деп айғайлайды.-Неткен қырағы еді, бәрін көріп тұр, аю қоржынды көтеріп ары қарай аяңдайды.   

Аю қоржынды ауылға әкеледі. Машаның үйіне келеді. Ауылдан күшіктердің  даусын есітіп, қоржынды тастап, аю қаша жөнеледі.

Ит: Мен жаңа жылмын,

Мен жаңа нұрмын.

Жырымды да төгейін ,

Нұрымды да себейін.

Жүргізуші: Жаңа келген ит жылымен бірге менің бүлдіршіндерім Күшік биін билеп бергісі келіп тұр.

Маша сүйтіп атасы мен әжесіне жолығады.

Аяз ата біздің ертегі ұнадыма?

Аяз ата: Ұнады, менің балаларға әкелген кішкене сийлықтарым бар еді. Соны берейін.

Ал балалар қош сау болыңдар! Менің сендер сияқты баратын көптеген бүлдіршіндерім бар соларға барайын. Қош сау болыңдар!

Жүргізуші: Осымен «Бөбек» тобының «Сыйқырлы Жаңа жыл!» ертеңгілігі аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)