Қош келдің, Әз Наурыз!

ОҚО «Түлкібас» ауданы Састөбе поселесі «Қарлығаш» балабақшасы
Саз жетекші: Магзум Гулбаршын

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру. Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге тәрбиелеу. Ұлттық ойындар арқылы баланың қимыл- қозғалысын дамыту.
Топта әсем әуен ойнап тұрады.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар. Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш, сыйласын!
Жүргізуші: Келе жатыр жылымыз
Мейрамдаймыз мұны біз
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайқ Наурызды.
Сүйінші сұрау. Ер балалар шауып келеді.
Наурыз келді!
Наурыз келді!
Жүргізуші: Наурыз тойы, наурыз тойы
Құтты болсын халайық
Жыр төгілсін ән айтылсын
Жаттап тақпақ айтайық
Арина: Уа ағайын, халайық
Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық

Нұртас: Наурыз келді, құт наурыз.
Арқа жарқа аулымыз
Салт дәстүрді сақтаған
Ағайын дос бәріміз.

Әмина: Келе жатыр жылымыз
Мейрамдаймыз мұны біз
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық наурызды

Нурислам: Той думанға келіңіз
Тамашалап көріңіз
Ән айтайық бәріміз
Қолсоғайықбәріміз

Дарын: Құрт бауырсақ шашылсын
Наурыз тойы ашылсын
Бір бірімен мынау жұрт
Өнерлерін асырсын
Жүргізуші: Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешекті ақ әжеміз наурыз көже әкеле жатыр. Қош келдіңіз! (музыка).
Залға қолында тостағанға құйылған наурыз көже ұстаған әже кіреді.
ӘЖЕ: Амансыздар ма, құрметті қонақтар, балалар, көктемнің тамаша мерекесі, Ұлыстың ұлы күні, Наурыз құтты болсын, әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Қайда барса жол болсын!
— Балалар, менің қолымдағы не? Онда не бар деп ойлайсыңдар?
— Дұрыс айтасыңдар. Бұл Наурыз көже. Наурыз мерекесін наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Сендерге сұрақ:
— Наурыз көжені неше түрлі тағам қосып дайындайды?
— 7 түрлі
— Дұрыс айтасыңдар. Наурыз көжеге сүр ет, сүзбе, бидай, құрт, тары, май, тұз қосады. Наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамдардың бірі. Ерте кезде үлкен тайқазанға пісірген. Наурыз көже қаншама халықты аштықтан аман алып қалған.Сондықтан да, тойшылар бір-біріне «ақ мол болсын», «сауар көбейсін» деген тілектер айтады.
Тәрбиеші: Балалар, қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер? (балалардың жауабы)
Тақпақтар
Мейіржан: Наурыз тойын әдемі
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдемі
Наурыз көже пісірді

Ұлдана: Наурыз көже қайнаған
Күміс күлкі айналам
Ұлттық киім кигендер,
Көктемдей болып жайнаған!

Санжар: Ұлы күні ұлыстын
Күн мен түн теңелген
Тәтті дәмі ырыстын
Таттық наурыз көжеден

Дамир: Кел балалар ойнайық
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық

Нұрсылтан: Наурыз тойын тойлайық
Ойнымызды ойнайық
Жүргізуші: Әй балалар, балалар
Енді маған қараңдар
Наурызды тойлайық
Қызық ойындар ойнайық
Қазақтың ұлттық ойыны «қыз қуу»
Ойынның шарты: жігіт қыздықуып жету керек, жетіп алса қыздың бетінен сүйеді, ал жете алмаса қыз жігітті қамшылайды.
Блек сынасу: Ер балалар бір бірінің күшін сынайды.
Жүргізуші: Наурызды халқымыз
Жыл басы санайды
Көнермес салтымыз
Көктемгі арайлы
Ал енді тақпақтарға кезек берейік

Анель: Наурыз тойы береке
Наурыз тойы жыр аңыз
Қызық думан мереке
Сауық сайран құрамыз

Нұрдаулет: Наурыз келді, құт болып
Мына бізге нұр болып
Аққа аузымыз толады
Бар жақсылық болады

Бибінұр: Армыздар халайық
Әркез аман болайық
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық

Бексултан: Ән айтады күнібойы
Бұл мереке бізге ойын
Көжесі көп шелпегі көп
Жақсы көрем наурыз тойын.

Інжу: Наурыз айы – гүл айы
Наурыз айы – нұр айы
Наурыз айда халқымның
Құлпыра түсер шырайы.

Әділ: Наурыз тойы - тамаша
Наурыз тойы - жаңаша
Табиғатты тамаша
Тамылғып тұр жаңаша

Замира: Наурызда күлімдеп
Күн нұры төгілді
Өзгеше бүгін леп
Жиепінтер көңілді

Кәусар: Наурызбен құттықтап
Алыс жақын қауышты
Көктемгі жарқын сәт
Көңілдерге ауысты

Даяна: Наурызды халқымыз
Жыл басы санайды
Көнермес салтымыз
Көктемдей арайлы

Назерке: Күн мен түн теңелді
Жер шуақа кенелді
Наурыз тойы салтымыз
«Көгерсін» деп халқымыз
Көшеге тал егеді.

Жүргізуші:
Ал канекей халайық
Әркез аман болайық
Наурыз тойын қуанып

Бимен қарсы алайық
Көктем биі
Тәрбиеші: Балалар, қазақ халқының ертеден келе жатқан көптеген салт-дәстүрлері бар.
Тәрбиеші: Тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Жіпті қадірлі, ісі алға басып тұрған, әрі жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі. Бұл – бала осы адамға тартсын деген тілектен туған рәсім.

Жүргізуші: Ал ендігі кезекте мына бөпеміздін тысауын кесейік
Қаз қаз балам, қаз балам!
Қадам басаң мәз болам
Қаз, қаз балам, қаз балам,
Тақымыңды жаз балам!
Күрмеуіңді шешейін
Тысауыңды шешейін.

Жүргізуші: Ал енді тақпақтарға кезек берейік
О. Дулат: Наурыз тойы береке
Құтты болсын мереке
Қыдыр ата келсін
Жақсы тілек әкелсін

С.Дулат: Бабалардын үмітін
Жас  ұрпақтар ақтаймыз
Қыдыр атаны шақырып
Наурыз тойын бастаймыз

Қыдыр ата: Армысыңдар балаларым? Наурыз құтты болсын! Мен сендерге бата тілегімді алып келдім.
Бата
Уа құдайым, оңдасын
Еш жамандық болмасын
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын
Қыдыр баба қолдасын
Аман сақтап мал басын,
Еккен егін солмасын.
Аумин
Жүргізуші:
Тойла бүгін тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.
Мереке боп келген бүгін Наурызым!
Береке бол ешқашанда тозбаған! – дей отырып, ертеңгілігімізді аяқтаймыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)