Наурыз - жыл басы!

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы
«Дарын» балабақшасы
Тәрбиеші: Ходжантаева Куралай Икласовна

№ 8 ортаңғы тобының «Наурыз-жыл басы!»- ертеңгілігінің жүргізілуі.
Тәрбиеші: Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр нұр көктем.
Жарығымен, шуағымен  Күн-Ана,
Алып келдің жер бетіне нұр көктем –дей келе Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да  өмірі жанданады, жайнай түседі.
Ақерке, Ботагөз, Кәусар- тақпақтар айтады.

Ән. Көктем.
Тәрбиеші: Көгімде күн өрлетіп,
Төрт түлігін төлдетіп.
Ырзық - құтын селдетіп,
Келді Наурыз – Ұлыс күн!
Ақ қар кетіп, қыс өтіп,
Шырайлы шуақ көктем кеп,
Шаруаның бұл кенелген,
Күн мейрамы ежелден,
Құтты болсын бұл Наурыз!
Құтты болсын бұл Наурыз!
Дәубек, А.Бексұлтан, Арыстанбек,Аян, Али, С.Бексұлтан, Айлана, Мейрамбек, Ботагоз, Нұрай.
Ән. Наурыз дастарханы.
Тәрбиеші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған.
Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру  өз  парызымыз  деп түсінген  кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық.
Айтыс. Амина мен Мұстафа - ортаға шығады.
Тәрбиеші: Екі ақыным да бір-біріне дес бермейтін орақ тілді, суырып салма ақындар екен. Бұл ақындар додасында достық жеңді.
Ал, құрметті халайық, жаңа ғана айтып өткеніміздей қазақ халқы ұлттық ойындарға өте бай халық. Ендеше, ұлттық ойын ойнауға кезек берейік.
Ойын «Кілемді сәндеу»
Тәрбиеші: Ой, балалар, жарайсыңдар. Өте керемет, қызықты ойын болды.
«Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер» - деп үлкендеріміздің айтқандай, бата беру - адал ниет, тілек білдірудің ұлттық дәстүрі.
Қазақ халқы батадан қуат алып, оның құдіретіне сене білген дей отырып, алыстан ат басын бұрып келген Әжемізден бата сұраймыз.
Әже бата береді.
Тәрбиеші: Әумин, айтқаныңыз келсін! Әжемізді шығарып саламыз.
Дастарханы халқымның тола берсін,
Бақыт құсы қолыңа қона берсін.
Ұлы тойдың төресі - наурыз тойы,
Жылдан-жылға құт тойы бола берсін!- деп «Наурыз - жыл басы!» - ертеңгілігімізді аяқтаймыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)