Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің күш сызықтары

"№167 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
физика пәні мұғалімі
Сыбанбекова Галия Сыбанбековна 

Пәні: Физика

Мерзімі:

Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы:

  §8.4. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің күш сызықтары.

Жалпы сабақтың мақсаты:

 Оқушыларға электр өрісі, электр өрісінің кернеулігі, электр өрісінің күш сызықтары туралы түсінік беру.

 Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

 Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Оқу нәтижесі:

 - Тақырыптың мәнін ашады.
 - Жеке, бірлесіп жұмыс жасай алады.
 - Бір-біріне сұрақ қоя алады, жауап бере алады.
 - Ойларын қысқа да нақты жеткізе алады.
 - Бір -біріне көмек бере алады.
 - Жұмылып жұмыс атқара алады.
 - Өзін, бір -бірін, топты бағалай алады.
 - Әдептілік әдеттері кеңейеді.

Тапсырмалар:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

 

 - Ұйымдастыру
 - Сергіту сәтін жасау
 - Ой қозғау, сұрақ, болжауға жетелеу
 - Қызығушылықты ояту
 - Мағынаны таныту
 - Тақырыптар беру
 - Баға қою
 - Үйге тапсырма беру
              Рефлексия (кері байланыс)

 

 - сәлемдесу
 - шағын топқа бөліну
 - жеке жұмыс
 - жұптық жұмыс
 - топтық жұмыс
 - тақырыптың мазмұнын ашу, бір-біріне сұрақ қою
 - сұрақтарға жауап беру
 - бір-бірін, өзін бағалау
 - үйге тапсырма алады рефлексия (кері байланыс)

 

Сабақ түрі

Жаңа білімді қалыптастыру

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс – тәсілдер:

АҚТ.СТОстратегиялары «Сұрақтар шеңбері»  «Миға шабуыл»  , диалогтік әдіс.

Жұмыс түрлері:

Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі, яғни дереккөздер

ЭО-10 сынып ДҚ-4 7-16 7-11 .электрофор машинасы,электр өрісінің күш сызықтарын көрсететін құрал,үлестірмелі матариалдар ДҚ-3  Э-2

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 

1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау

А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру. Білу 5 мин

«Сұрақтар шеңбері»

1.Электродинамика бөлімі нені зерттейді?
2. Электростатиканың негізгі заңы кімнің заңы?
3. Кулон заңын тұжырымдаңдар және осы заңды анықтайтын формуланы жазыңдар.
4. Зарядтың өлшем бірлігі
5. Кулон заңынан  зарядты есептеп жаз

1. К-коэффициентінің мәні қаншаға тең және ол қалай есептелді?
2. Электр тұрақтысының мәні неге тең?
3. Κ-ның мәнін ескере отырып Кулон заңын қалай жазамыз?
4. Суперпозиция қасиетін тұжырымда
5. Зарядтың өлшем бірлігі

1. Біз электр өрісі деп нені түсінеміз?
2. Кулон заңынан ара қашықтықты есептеп жаз
3. Электр зарядының сақталу заңы және формуласы
4. Денені қандай әдістермен электрлеуге болады?
5. Элементар зарядтың сандық мәні неге тең?.

Сергіту Ұлы физиктердің өмірінен естелік

Түсіну 7 минут

Алыстан әрекеттесу принципі: зарядталған бөлшектердің өзара әрекеттесуі бос кеңістік арқылы лезде іске асырылады.

Жақыннан әрекет ету принципі: денеде зарядтардың болуы оны қоршаған кеңістіктің қасиетін өзгертеді, зарядтардың өзара әрекеттесуі олардың кеңістікте тудыратын электр өрісі арқылы іске асырылады.

- нүктелік заряд өрісінің кернеулігі

Тыныштықтағы зарядтардың элеткр өрісін электростатикалық өріс деп атайды.

Кернеуліктің өлшем бірлігі 1Н/Кл=1 В/м

Суперпозиция принципі: зарядтар жүйесі тудыратын өрістің кернеулігі әрбір жеке зарядтар тудыратын өріс кернеуліктерінің векторлық қосындысына тең.

Күш сызығы деп бағыты өріс нүктесіндегі керенуліктің бағытымен сәйкес келетін, осы нүктеге жүргізілген жанаманы айтады.

2 073 2 073 2 073 2 073

Күш сызықтарының қасиеттері:

1. Күш сызықтары үзіліссіз.

2. Күш сызықтары еш жерде қиылыспайды.

Кернеулік вектрорлары барлық нүктелерде бірдей электр өрісі біртекті өріс деп аталады.

Электр өрiсiнiң күш сызықтары деп, сол өрiске орналасқан оң зарядталған бөлшекке әсер ететiн күштiң бағытын көрсететiн сызықты айтамыз. Оң зарядталған дене өрiсiнiң күш сызықтары 16, а-суретте көрсетiлген. Ал, 16, б-суретте терiс зарядталған дене өрiсiнiң күш сызықтары кескiнделген. Осындай көрiнiстi электрлiк сұлтан деп аталатын қарапайым құрылғы көмегiмен байқауға болады. Оған заряд бергенде, оның қағаз жолақтары әр жаққа тебiлiп электр өрiсiнiң күш сызықтары бойымен орналасқанын көремiз

Зарядталған бөлшек электр өрiсiне енгенде, оның жылдамдығы көбеюi де азаюы да мүмкiн. Егер бөлшек заряды q > 0 болса, онда күш сызықтары бойында оның жылдамдығы артады, ал керi бағытта тежеледi. Егер бөлшек заряды q < 0 болса, онда бәрi керiсiнше болады: күш сызықтары бағытында тежелiп, керi бағытта үдетiледi

2 104  2 104

 Қолдану  10 мин   есептер

3.58. Электр өрісіндегі  4•10-6Кл зарядқа  0,02Н күш әрекет етеді. Осы нүктедегі электр өрісінің кернеулігін тап.

3.60. 2•10-8 Кл зарядқа 2•10-2м қашықтықтағы өрістің кернеулігі қандай?

3.63. Бір нүктедегі электр өрісінің кернеулігі Е= 0,4кН/Кл өрістегі q=4,5•10-6Кл зарядқа әрекет ететін күшті анықтаңдар

Талдау 6 минут

Жинақтау 7мин Сәйкесін тап

 

1

Электр өрісінің кернеулігі

1

              

2

Электр өрісінің өлшем бірлігі

2

немесе

3

Нүктелік заряд өрісінің кернеулігін анықтайтын формула

3

4

 Тыныштықтағы зарядтардың электр өрісін ...

4

Электростатикалық өріс

5

Кернеулігі Е болатын кез –келген  электростатикалық өрісте q зарядқа   әрекет ететін күш

5

    

6

зарядтар жүйесі тудыратын өрістің кернеулігі әрбір жеке зарядтар тудыратын өріс кернеуліктерінің векторлық қосындысына тең

6

 Суперпозиция принципі:

7

бағыты өріс нүктесіндегі кернеуліктің бағытымен сәйкес келетін, осы нүктеге жүргізілген жанаманы айтады

7

Күш сызығы

8

Кернеулік векторлары барлық нүктелерде бірдей электр өрісі

8

   біртекті өріс деп аталады

 

 

1

Электр өрісінің кернеулігі

1

              

2

Электр өрісінің өлшем бірлігі

2

3

Нүктелік заряд өрісінің кернеулігін анықтайтын формула

3

немесе

4

 Тыныштықтағы зарядтардың электр өрісін ...

4

  Күш сызығы

5

Кернеулігі Е болатын кез –келген  электростатикалық өрісте q зарядқа   әрекет ететін күш

5

     

6

зарядтар жүйесі тудыратын өрістің кернеулігі әрбір жеке зарядтар тудыратын өріс кернеуліктерінің векторлық қосындысына тең

    6

 

   біртекті өріс деп аталады

7

бағыты өріс нүктесіндегі кернеуліктің бағытымен сәйкес келетін, осы нүктеге жүргізілген жанаманы айтады

7

 

Электростатикалық өріс

8

Кернеулік векторлары барлық нүктелерде бірдей электр өрісі

8

   Суперпозиция принципі

 

Жауабы: 1-5. 2-3. 3-2. 4-7. 5-1. 6-8. 7-4. 8-6.

Бағалау 4 минут Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жаңа сабақ

Есеп

Тест

Қорытынды баға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлекция 3 мин Блоб ағашы

Үйге тапсырма : §8.4. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің күш сызықтары.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)