сайыс
ozgetil.kz

Бағдаршам біздің досымыз "Ойын сауық"

БҚО Сырым ауданы Жетікөл ауылы
ЖББ Жетікөл бастауыш мектебі
Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі
Қалимолла Базаргүл Ануарқызы

Ойын сауықтың мақсаты: Ойынды тәрбие құралы ретінде пайдаланып, бала сезімін кеңейтіп, тілін ұштастырып, жол ережесін жасына сай меңгерту. Көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу.

Ойын сауықтың көрнекілігі: рульдер, белгілер, жол белгілерінің суреттері, бағдаршам.

Ойын сауықтың барысы:

Тәрбиеші: Ойын сауығымызды жұмбақпен бастайық

Аяғы бар жүрмейді,

Аузы жоқ сөйлейді. (Бағдаршам)

Қонаққа бағдаршам келді. Қатты қағаздан жасалған бағдаршамның үлкен суреті.

Бағдаршамның қызметі қандай?

- Жол тәртібін реттеуші.

- Бағдаршам сендерге хат әкеліпті, ашып көрейік, не жазыпты?

Ойын бағдаршам құрайық.

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін жасқанба.

Жүргізуші: Балалар жүргіншілер  мынадай сұрақ қойыпты.

- Жүргіншілер қай жолмен жүру керек?

- Жиек жолмен жүреміз.

- Жиек жол болмағанда ше?

- Жер асты жолымен.

- Жолдың қай жағымен жүру керек?

- Оң қол жақпен жүреміз.

- Қоғамдық көліктерге қай жерден отырамыз?

- Аялдамадан отырамыз.

Тәрбиеші: - Өте жақсы, бағдаршамның берген сұрақтарына жауап

Бердіңдер.

- Балалар бағдаршамға арнап тақпақтарымызды

Айтайық.

Нарғыз: Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін,

Тоқта,сақтан, жол ашық.

Жүрме жолға таласып,

Қызыл көзін ашқанда

Сынық сүйем баспа алға.

Жанель: Қызыл жанды,тоқтағын,

Көрдің жұрттың тосқанын.

Сары жанды дайындал,

Айналаңа қарап ал,

Жасыл жанды, тыңдағын,

Жолың ашық, тұрмағын.

Еркебұлан: Мен көшеден өтерде,

Бағдаршамға қараймын.

Қоймаған ғой бекерге,

Жәрдемшісі ол талайдың.

Тәрбиеші: - Балалар, бағдаршам сендерге ойын әкеліпті.                                                  

«Белгілерді құрастыр және айтып бер».

Ойынның шарты: Балалар алған жарты белгінің екіншісін тауып

Құрастырыңдар,содан кейін атап беруіңіз керек.

Жанатын бағдаршам ортаға шығады.

Қызыл көзін жағады. Оқушылар қозғалмай тұрады.

Сары көзін жағады. Балалар қол шапалақтайды.

Жасыл көзін жағады. Балалар орындарында тұрып жүреді.

 Қорытындылау: - Балалар, бүгін немен таныстық.

- Бағдаршаммен.

- Бағдаршамның неше көзі бар?

- Үш көзі бар.

- Қандай-қандай түсті шамдар?

- Қызыл, сары, жасыл.

- Көшелерден белгіге қарамай жүгіріп өтуге бола ма?

- Жоқ.

- Ал, көшенің қай жерімен өтуге болады?

- Ала сызықты жерінен.

Балалардың белсенді қатысқандарын мадақтау, сыйлықтар беру.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)