ozgetil.kz

Қош келдің, Әз Наурыз!

Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы
«Келешек» балабақшасы
Абдиева Ажар Усейновна

Тақырыбы: Қош келдің, Әз Наурыз!
Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22-сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларды Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігімен таныстыру. Ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: - Құрметті қонақтар, балалар!
Ілесіп Наурызбен көктем жетсін,
Көңілін үлкен - кіші көкке өрлетсін.
Еңсесі көтеріліп ер азамат,
Ескі жылмен реніш өкпең кетсін - дегендей наурыз жыл басы құтты болсын! Жаңа жыл тек қана жақсылығын, жаңалығын әкелсін! Ақ мол болсын! Халық тоқ болсын, Еліміз тыныш болсын! Баршамызға бақ қонсын!Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды! (Наурыз қыз музыкамен ортаға келеді)
Наурыз қыз:
Мен наурыз қызбын,
Қыздарымда қасымда.
Ұлыс күнге жетті міне асыға.
Келген жылым
Жақсылыққа басташы.
Қуанышпен әр үйдің,
Босағасын атташы.
Жүргізуші:
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!

Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» дейік.
Бүгінгі Ұлыстың Ұлы күніне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз. Сөз кезегі балабақша меңгерушісі Қарлыға Асанқұлқызына беріледі.
Жүргізуші:
Досқа құшақ ашайық
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық!
Ортаға әже шығып  шашу шашады.
Жүргізуші: - Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз келіп отыр. Олай болса тәрбиешілердің орындауында «Шашу» биі.
Жүргізуші:
Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұл күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды. Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жанданады, жайнай түседі.
Жүргізуші: Ал, құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер, қазақтың ұлттық салт-дәстүріне кезек берейік.
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
Келесі кезек әр топтың салт дәстүрлерді көрсету рәсіміне беріледі.

Бөбектер «Алтын сақа» тобы «Шілдехана»
1-і кіші «Көрөген» тобы «Бесікке салу»
2-і кіші «Наурыз» тобы «Тұсау кесу»
Ортаңғы «Алпамыс» тобы «Тілашар» рәсімімен ата аналарды ортаға шақырамыз!
Ең алдымен әділқазылар алқасын сайлап алайық  (әділқазыларды  сайлау).

Әділқазыларды сайлағанша балалардың өнерін тамашалаңыздар!

Жүріңдер Наурызға басып аяқ,
Қалыс қадам болмасын мекен-саяқ.
Ән шырқап би билейтін қауым болып,
Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп.

Балалардың тақпақтары:
Жүргізуші:
Басталыпты өмірдің көші  міне,
Бөлейікші бөбекті бесігіне.
Салт-дәстүрін ұлтының біліп өссін,
Жігіт болсын лайықты есіміне,  
демекші ортаға «Шілдехана» рәсімімен «Алтын сақа» тобының ата-аналарын шақырамыз.
Жабдығыңмен сайлысың,
Жатса бөпем, жайлысың,
Бөпем сенде өседі,
Құтты болсын төсегі.

Келесі кезекте «Бесікке салу» рәсімімен «Көрөген» тобы ортада.
Балдырғанды бал үміт алға сүйреп,
Тәй-тәй басты, қадамын  алғашқы рет.
Қаз-қаз тұрып,қарыштап жүріп кетсін,
Ата-ананың соқпағы, жалғасы боп.

«Тұсау кесу» рәсімімен «Наурыз» тобын қарсы алыңыздар!
Кешегі сәби балаңыз,
Жарады, міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына
Енді қайық саламыз.

«Тілашар» рәсімімен «Алпамыс» тобын ортаға шақырайық!

Көрсетті өнерлерін жаңа ғана,
Сыналып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы ортада,
Берер деп әділ – қазы әділ баға – деп, әділ – қазыларға сөз кезегін береміз.

Бүгінгі «Наурыз»  мерекесіне арналған ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Сөз кезегін бата-тілектерімен ата-аналарға берсек.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)