Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды

Маңғыстау обласы Жаңаөзен қаласы
Теңге ауылы «Теңге бөбекжай-бақша»
Тәрбиешісі: Ержанова Алима Айладырқызы

Жүргізуші:

Сүйінші, халқым сүйінші
Шаттан, ата-анамыз!
Шаттан, аға-бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той мереке-дей отырып,

соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып,бейбітшілік орнағанына, міне бүгін 74-жыл болды. 9-Мамыр күні қадірлі, батыр, ержүрек ағаларымыз бен апаларымыздың жеңіске жеткен күні. Бүгінгі жеңіс күні мерекеңіз құтты болсын. Еліміз аман, Отанымыз тыныш болсын!

№13 «Ақбота» ортаңғы тобының «Ешкімде ешқашан да ұмытылмайды» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Мерекелік залға балалар бір қатармен кіреді.

Жүргізуші: Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл-көмей.
Абзал досым,мүгедекті жүр демей.
Ел дегенде еңіреп туған ерлерді.
Еске алайық бір сәт тұрып үндемей.

Елі мен жері үшін қан майданға аттанып, біздерге осындай тыныш, бейбіт, бақытты күн үшін соғыста қаза болған батырларымыздың рухына бас иіп бір минуи үнсіз еске алайық.

Үнсіздік.

Иә, бұл жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Елін, жерін жаудан азат етіп, осындай бейбіт өмір сыйлаған қазақтың батыр ұл-қыздары, Талғат Бегелдинов, Жұмағали Саин, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Бауыржан Момышұлы сияқты аты аңызға айналған аталарымыз бен апаларымыздың жасаған ерліктері мәңгі жадымызда қалады. Енді осы батырларымыз туралы тақпақтарға кезек берейік.

 Бекарыс:  Момышұлы Бауыржан
Ел деп жаны ауырған,
Отан үшін от кешіп,
Қаймықпаған дауылдан.
Жеңілмеген жауынан
Батыр ата-Бауыржан.
Тас-талқанғып дұшпанын,
Аты аңыз боп жайылған.

Сая: Әлия, Мәншүк ержүрек,
Елін сүйген елжіреп.
Паш етеді ерлігін,
Жеңіс туы желбіреп.
Қырандай алғыр, қырағы,
Шығыстың қос шынары,
Батылдыққа ерлікке,.
Шақырып бізді тұрады.

Нұрай: Мәншүк апай батыр қыз,
Ардақтаймыз атын біз
Ұқсап Мәншүк апайға,
Ұқсап келе жатырмыз.

Ән: Соғыстан қайтқан солдаттар.

Жүргізуші: Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан бір миллионнан астам жауынгер қатысып,олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты. Қаншама жауынгер хабар ошарсыз кетті. Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең қауіпті жерлерде соғысты. Генарал Панфилов 28 дивизия жауынгерлерінің есімдері Ұлы отан соғысының тарихына алтын әріптермен жазылған. Жауынгерлерімізге арналған тақпақтарга кезек берейік.

Хадиша: Біріктіріп үміті мен тілегін,
Біріктіріп барлық күшін жігерін,
Ана үшін, бала үшін, жер үшін,
Жасқанбастан тосты оққа жүрегін.

Қызғалдақ: Мәңгілікке кетіп жатыпты
Сан ерлер бізден алыстап
Жеңіспен келген бақытты
Ұрпақтарына табыстап.

Мадияр: Бейбіт күн жайнайды құлпырып,
Берлинге қайтыңдар ту тігіп.
Әлемге тыныштық тілеумен
Ояндық қырандай сілкініп.

Көрніс: «Соғыс қасіреті»

Жүргізуші: Отан, ана жылағанда шер сеніп,
Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық деді де,
Қолдарын қару алды ерленіп.
Бұлт торлады аспанды,
Қара жер қанға ластанды.
Зеңбірек атып жан-жақтан,
Осылай соғыс басталды.

Соғыс... Сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады,қанша үйде оттар сөнді, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті. Сәбилер жетімдік зарын тартты.Төрт жылға созылған қан төгіс аяқталды. Соғыс бітті 1945 жыл 30 сәуірде елімізде жеңіс туы тігілді.

Немересі: Әже, апа  алақай, алақай, алақай!
Жеңіс, жеңіс, жеңіс,
Әкем келді алақай,
Жеңіс құтты болсын!

Жүргізуші: Бір ғана Жеңіс деген сөзді естігенде сол кездері адамдардың қуанышында шек болмады. Көздеріне жас алып жылағандар болды. Әрине бұл қуаныштың жасы еді.

Жеңіс күні құтты болсын,
Құтты болсын аталар!
Ұмытпайды ешқашанда,
Жауынгерді балалар.

Балалар енді Жеңіс күніне арналған тақпақтар айтайық.

Әлия: Жеңіс, жеңіс естіледі жалынды,
Жеңіс, жеңіс қоңыраулар қағылды.
Күн парақтар қып-қызыл боп ашылды,
Жеңіс келген тоғызыншы мамырды.

Али: Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама.
Жеңіс келді әке болып,
Елдегі көп балаға.

Абдуррахман: Жеңіс күні құтты болсын,
Құтты болсын аталавр,
Ұмытпайды ешқашан,
Жауынгерді балалар.

Нұрислам.А: Ойлап ойлап тұрдым көп,
Сұрақ қойдым білгім кеп,
Қуанышты мереке
Жеңіс күні қай күн деп.
Атамнан да сұрадым,
Әкемненде сұрадым,
Ағамнан да сұрадым,
Анамнан да сұрадым.
Тосты бәрі құлағын,
Дұрыс десті сұрағың,
Бейбіт күннің бәрі де,
Жеңіс күні шырағым.

Жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер мен құштарлықтың құралы.
Күрескерлердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы-деп

Ән: «Солдат болам мен ертең»

Би: «Катюша»

Жүргізуші: Талай тарих кезеңдерін өткізіп,
Сырын жырын заманына жеткізіп.
Қаншама жыл қиындықтан жаңарған,
Бейбіт күннің даңқын жатыр жеткізіп-деп «Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмытылмақ емес!» Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады.Бұл сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштерінде тастан қашалып жазылған.

Жандос. Каусар. Адемі. Нұрсұлтан.

Жандос: Жауынгер біздің саңлақтар
Жауды жеңген солдаттар
Ардақта Отан-ел үшін
Бақытты туған жер үшін.

Кәусар:  Жер мен көктің арасын
Шарпығанда қалың өрт
Әлия орыс қаласын
Азат етіп болды өрт
Ол жеңісті көрген жоқ
Келді кейін азат күн
Бірақ мәңгі өлген жоқ
Батыр қызы қазақтың

Әдемі: Алғыс алған Отаннан
Батыр солдат атанған
Достары көп қаҺарман
Менің атам майдангер.

Нұрсұлтан: Ағалар саптан шықпасын
Аналар қабақ шытпасын
Бақытқа жетіп бар адам
Сәбилер тыныш ұйықтасын.

Әрі қарай көңілді бимен жалғастырамыз.

Би: «Синий платочек»

Жүргізуші: Балалар біздер соғысқа қатысып батыр болмайық, біздер бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық.Ел үшін аянбай еңбек етіп, Отанымыздың патриоттары болайық.

Тағыда Отан туралы тақпақтарға кезек берейік.

Рухани: Отан үшін жанымызды береміз,
Отан үшін барлығына көнеміз.
Отанныңда, ананыңда алдында,
Осы өмірде парызды өтеп кетеміз.

Т.Нұрислам: Отан менің ата-анам,
Отан-досым, бауырым.
Отан-өлкем, астанам,
Отан-туған ауылым.

Омар: Ұлы отан қамы үшін,
Отпен суды кешеміз
Жіберместен намысты
Солдат болып өсеміз.

Жүргізуші: Ақ көгершін қалықтап
Аспанда ашық самғасын
Тыныштық болып елімде
Қанаты оның талмасын-деп.

Ән: «Жеңіс туы желбіреп»

Жүргізуші: Балалар Отандарыңды сүйіп, қастерлей біліңдер, ата-баба дәстүрін, әдет-ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар, халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер!

Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін.
Есен-аман болайық,
Енді соғыс болмасын.
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

- деп бүгінгі Жеңіс күніне арналған «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» атты ертеңгілігімізді осымен аяқтаймыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз