Эссе және өлең-жыр байқауы

Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы

І.Үргенішбаев атындағы ЖОББМ КММ-нің
музыка пәні мұғалімі Сарсетов Абай Болатұлы

Бөлім тақырыбы: Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы/Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Сабақтың түрі Жаңа сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары Мақсаты: оқушыларды қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру, аспаптық музыкаға деген қызығушылығын ояту;
а) білімділік: әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік беру, жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуың түсіндіріп, ұлттық аспап туралы білімдерін жетілдіру;
ә) дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік: қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу. Ж2. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу.
ӘТН1. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу, тұрақты тіркестерді игеру

Көңіл – күй орнату
Алдын – ала бөлінген топтарға аспаптар жайлы музыкалар қойылады. Оқушылар сол әуенге қосылып ән орындайды.
- Балалар, қандай көңіл - күйдесіздер?
- Өздеріңізді қалай сезінудесіздер?
- Өзіңізге деген сеніміңіз жоғарылады ма?
- Ізденіс пен белсенді әрекеттерге дайынсыздар ма?

Күләш Байсеитова туралы «Ән падишасы» атты шағын әңгіме жазу.
Қызығушылықты ояту, сабаққа болжам жасау.
Оқушыларға түрлі аспаптардан құралған оркестрдің күйі ойналады. Балалар сол күйді тыңдау арқылы қандай музыкалық аспаптардың даусын ажыратып тұрғандарын айтады. «Анама» Назгүл Таңатар
Сол арқылы бүгінгі тақырыпты болжайды.
• Оқушылар сабақ тақырыбына болжам жасайды:
* Қазақтың ұлттық аспап түрлерімен танысады

Кітаптағы тапсырманы орындау
Балалар 2 оқылым мәтінімен танысып, тапсырмаға сай алдарындағы суреттегі музыкалық аспаптарды топтастырады.
1. Үрмелі аспаптар: сыбызғы, саз сырнай, ұран, керней
2. Ұрып ойналатын: даңғыра, кепшік, дауылпаз, шыңдауыл
3. Шертпелі – ішекті аспаптар: жетіген, домбыра,

Топтастыру себептерін түсіндіреді.
Тақтада мақала, нұсқаулық, әңгіме туралы нұсқау ілінеді. Үстелге тапсырмалар қойылады. Топ басшылары өз қалауымен тапсырма таңдайды:
1 - топ:
Мақала - коғамдық - әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма.
Публицистикалық мақала қоғамдық - әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.
2 - топ:
Нұсқаулық - әлденені орындау, жүзеге асыру тәсілі мен тәртібін бекітетін тәртіптер жинағы, жалпы алғанда нұсқау.
3 - топ:
Әңгіме, әдебиетте - оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады.

«Таныстыру» әдісі.
Тапсырма:
1 - топ: Шетелдік қонақтарға қазақтың ұлттық саз аспаптары сыбызғы, кепшік, домбыра, асатаяқ, қобыз, жетіген, желбуаз, ұран, даңғыра, уілдек, сылдырмақ т. б аспап атауларын таныстыру мақсатында және күйлерінің шығу тарихы туралы топта шағын мақала жазыңыздар. (Қазақтың халық музыка аспаптар мұражайына саяхатты алуға болады)
2 - топ: Белгілі бір аспапта ойнау (қалай отыру, аспапты қалай ұстау т. б) туралы нұсқаулық жазыңыз.
3 - топ: Ұлттық аспаптар домбыра, қобыз, сыбызғы, даңғара, үскірік, кепшік, шаңқобыз, жетіген туралы шағын әңгіме ертегі құрастырыңыз.
Тапсырма беріліп, оқушылар дайындалғанша

Қосымша ресурс:

Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата – бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Сол ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп, соңына қыруар мұра қалдырған Болат Шамғалиұлы Сарыбаев еді.

Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды жинауға 1960 ж. бастап кіріскен екен. Сол жылдары Алматы консерваториясының ұстазы Б. Сарыбаевтың үйі ерекше мұражайға айналды. Ол жинаған аспаптар саны 300 - ге жетті. Зерттеуші еліміздің түрлі аймақтарынан көне аспаптарды тауып, оларды зерттеп, жетілдіріп, орындау әдістерін меңгерді, шәкірттерін баулыды. 1968 жылы көне ұлттық музыкалық аспаптардан ансамбль ұйымдастырды. Б. Сарыбаев аспаптарды ойнау тәсіліне қарай мынадай түрге бөледі: үрлемелі, ұрмалы, сілкімелі, ысқышты, ішекті, шертпелі, тілшекті.
«Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл - сәл кем бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ – домбыра» - деп ақын жырлағандай, халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылығы мен дүниетанымын дәл суреттеп жеткізе алатын қоңыр үнді домбыра екені даусыз.

Домбыра - қазақтың жаны. Ол тар жол, тайғақ кешу жолдарын бастан өткерген қазақ тарихын парақтауға негiз бола алады. Ұлтымыздың болмысына куә болған әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлерiне жан бiтiрiп, оның құнды қалпын сақтауға негiз болғанын көремiз. Ғасырлар қойнауында қалыптасқан музыкалық - эстетикалық асыл мұраларды домбыра аспабы жеткiздi. Домбыра бар жерде қазақ халқының тiлi, өнерi, тарихы бiрге жүредi. Домбыра аспабының философиясын ашуда аңыз - әңгiмелердiң желiсiне сүйенуге болады. «Ертеде бiр хан қызының кедей жiгiтпен көңiл жарастырғанын сезiп қалады да жiгiттi дереу дарға астырады. Екi қабат болып қалған қыз мезгiлi жетiп босанады. Оны аңдыған мыстан кемпiр егiз баланы көз көрмес, құлақ естiмес, алыс жерге апарып, жап - жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып iлiп кетедi. Сәбилердiң көз жасы тамған бәйтерек солады, жүрегi тоқтаған нәрестелермен бiрге ағаш та қуарады. Қаңқу әңгiме халық арасында жата ма, оны естiген қыз егiзiн iздеп, жолға шығады. Жолдан шаршаған қыз бала ағаш түбiне келiп, демалады. Құлағына күмбiрлеген сарын естiледi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз