Өлең, жыр, ақындар

Халық композиторы Дәулеткерей

Қысқа мерзімді жоспарлау

Күні

3.10.2013 жыл.

Сыныбы

2 «з»

Сабақтың тақырыбы

Халық композиторы Дәулеткерей

Сабақтың мақсаты

Тақырып бойынша түсінік беру.

Өнер арқылы ізгілікке, мәдениетке тарту және өнерді қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Музыка тыңдау дағдыларын, ән салу икемділіктерін дамыту.

 

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері

Диалогтік оқыту - бірлескен іс-әрекет

Көрнекілігі

Қажетті суреттер, аспап, үнтаспа.

Күтілетін нәтиже

Дүниетанымы кеңейеді, өнерді құрметтейді, тақырып жайында мағлұмат алады.

Негізгі идея

Музыканы дұрыс тыңдай білуге дағдыландыру, ән салу икемділіктерін дамыту.

Сабақтың жоспары

1. Дәулеткерей «Қосалқа» - тыңдау

2. С.Асанов, Ә.Бейсеуов «Қошақаным қайда екен?» - үйрену

3. Музыка сауаты –  Төкпе күй

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

 

II. Үй тапсырмасы

 

 

III . Жаңа сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV. Музыка тыңдау

 

 

 

 

 

 

 

V. Ән үйрену

 

VI. Музыка сауаты

 

 

 

VII. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

VIII. Бағалау

 

IX. Кейінгі тапсырма

 

а) Оқушылармен сәлемдесу

ә)  Сабаққа дайындықтарын қадағалап,  назарларын аудару

б) Музыкалық жеті дыбыс арқылы  дауыс жаттығуын жасау.

    Жаттығу кезінде музыкалық дыбыстардың бірқалыпты    

     шығуын,  тыныстың дұрыс алынуын қадағалау.

 

а)  Тақырыпты әңгімелеу

ә)  Ә.Молдағайынов «Ұстазым» - орындау

 

Топтық жұмыс -  кесте толтыру, постер қорғау, мақтау- мадақтау, қол шапалақтау және оқушылар жұмыстарын толықтыру.

        Дәулеткерей Шығайұлы – қазақтың ұлы күйші-композиторы. Дәулеткерей төре тұқымынан шығып, ел билігіне араласқан. Дәулеткерей күйлері – терең мазмұнды күйлер. Оның «Қыз Ақжелең»,    « Құдаша», «Қосалқа», «Жігер», «Топан», «Бұлбұл» атты күйлері бар. Дәулеткерей күйлері «төре қағыспен» нәзік орындалады.

Бірде Құрманғазы Дәулеткерейге сәлем бере келеді.  Дәулеткерей қолына домбырасын алып, күй тартады. Сонда Құрманғазы: « Мына күйіңіз бұлбұлша сайрап тұр екен. Қандай күй?»-дейді. Дәулеткерей: «Дәл таптың, бұл күй «Бұлбұл» деп аталады,-дейді. Құрманғазы да өз өнерін көрсетеді.

 

Дәулеткерей  «Қосалқа» - тыңдау, оқулықпен жұмыс жасау, талдау.

 Дәулеткерейдің үйінде қонақ болған Құрманғазы күй тартыс аяқталғаннан кейін есік алдына шығады. Сол кезде құдық басынан су алып келе жатқан Дәулеткерейдің келінін көреді. Құрманғазы: «Келініңіздің жүрісіне, сылдыр қаққан сырғасы мен алқасына арнап бір күй шығарыңызшы» ,- дейді. Дәулеткерей келініне арнап  сол кезде осы «Қосалқа» күйін шығарады.

 

С.Асанов, Ә.Бейсеуов  «Қошақаным қайда екен?» - үйрену

 

Музыка сауаты –  Төкпе күй

Төкпе күй – домбырада оң қолды сермеп тарту тәсілімен орындалатын музыкалық шығарма.

 

Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорыту, бекіту.

  1. Дәулеткерей Шығайұлы кім?
  2. Қандай шығармалары бар?
  3. Дәулеткерей мен Құрманғазы қалай кездеседі?
  4. Дәулеткерей қандай күй тартады?
  5. Дәулеткерей «Қосалқа» күйін кімге арнаған?
  6. «Төкпе күй»  дегеніміз не?

Рефлексиялық есеп

Мақтау, мадақтау, қол шапалақтау, смайликтер арқылы бағалау.

 

Тақырып бойынша эссе жазу, әнді, музыкалық ережені жаттау.

 Қазанғаптың өмірі мен шығармашылығына деректер жинау.

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз