Эссе және өлең-жыр байқауы

Екі өрнектің айырмасы мен қосындысының көбейтіндісі

Ақтөбе облысы   Шалқар қаласы

№4 орта мектептің

математика  пәнінің мұғалімі

Қалыбаева Айбала Әбілкәрімқызы 7 а сынып

Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің айырмасы мен қосындысының көбейтіндісі.

Сабақтың мақсаты:

1) Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласын пайдаланып, ол формуланы өрнектерді ықшамдауда қолдана білу бейімділігін қалыптастыру;

2) Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеуге көрсетілген формулаларды кері тәртіпте қолдана білу қабілетін қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық  ізденісін, ойлауға икемділігін дамытуға ықпал ету;

3) Есеп шешімін іздеу,қиыншылықты жеңе білуге шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Типі: Білімді,икем және дағдыны жетілдіру

Әдісі:Индуктивті(қарапайымнан курделігі ауысу), фронтальды (жалпы сұрақ беру)

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, таблица, бағалау парағы.

Пәнаралық байланыс: Информатика, тарих, география.

Барысы: А)Ұйымдастыру.

Оқушылар назарын сабаққа аудару, оқу құралдарын тексеру.

Б) Үй тапсырмасын тексеру.

II-топқа  тапсырма беру

I-бөлім.  Экспресс сұрақтар

II-бөлім.   Дұрыс формуланы көрсет

III-бөлім.  Тест сұрақтары

IV-бөлім.  Жеке топтық жұмыс (деңгейлік тапсырма)

V-бөлім. Логикалық есептер

VI-бөлім.  Қорытынды баға

Үйге тапсырма

№154

1)С2-0,25=(С-0,5)*(С+0,5)

2)16-x2=(4-x)*(4+x)

3)144+m2=(12-m)*(12+m)

4)n2-225=(n-15)*(n+15

 

№155                              

Х2-9=0                         у2-4=0                                           

(х-3)(х+3)=0                  (у-2)(у+2)=0

х-3=0;х+3=0                  у-2=0; у+2=0

х1=3; х2=-3                    у1=2;  у2=-2

Экспресс сұрақтар

I-топ

1.у=x2 функциясының графигі

2.Бірмүше дегеніміз не?

3.Республика күні.

4.Бір ғасыр неше жыл?

5.64 қай санның квадраты?

6.5 санына кері сан.

7.Ең кіші үш таңбалы сан.

8.Таңбалары әр түрлі сандардың көбейтіндісі.

9.Алтын адам табылған жер?

10.34 неге тең?

II-топ.

1.у=к/х функциясының графигі.

2.Көпмүше дегеніміз не?

3.Мұсылмандардың қасиетті айы?

4.62-6 неге тең?

5.12 санын 10 есе арттыр

6.7 санына қарама-қарсы сан.

7.Ең үлкен екі таңбалы сан

8.Екі теріс санның көбейтіндісі.

9.Ең суық материк?

10.43 неге тең?

Тест сұрақтар

1.Көпмүшені көпмүшеге көбейтуді  ықшамырақ орындауға мүмкіндік беретін формуланы:

а)жылдам көбейту формулалары;

ә)қысқаша көбейту формулалары;

б)теріс көбейту  формулалары  деп атайды.

2.Екі өрнектің айырмасының олардың қосындысына  көбейткенге  тең өрнекті:

а)екі өрнектің қосындысының квадраты;

ә)екі өрнктің айырмасының квадраты;

б)екі өрнектің  квадраттарының айырмасы деп атайды.

3.Кез келген көпмүшенің әрбір мүшесіне  көбейтіп ,шыққан көбейтінділерді қосу амалын:

а)бірмүшені көп мүшеге көбейту;

ә)көпмүшені көбейткіштерге жіктеу;

б)ортақ  көбейткішті  жақша  сыртына  шығару деп атайды.

4.10ab-5

a) 5ab;   ә) 5(a+1)  б) 5(2ab-1)

5. m2n3+m3n2

a) m2n3(1+mn);ә)m2n2(n+m);б)mn2(m+n);

6. у2-16

a) (у-4)(у+4);

ә) (у+4)(у+4);б)(у-4)2

Логикалық есептер

I-топ

1. Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі  сыныпта оқиды. Абзал Арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені ,ортаншысы , кішісі кім?

2. Әкесі баласынан 25 жас үлкен,неше жылдан кейін баласы әкесінен 30 жас кіші болады?

II-топ

1 Әсем,Ардақ,Анар үшеуі математика сабағынан бақылау жүмысынан қандай баға алғанын сүрағанда,мұғалім;ешқайсысың жаман баға алған жоқсындар,бірақ әрқайсыңның бағаң әр түрлі,Әсемнің бағасы “3”емес,Анардың бағасы”3” те,”5” те емес.Сонда әркім қандай баға алған?

2 Екі әке ,екі баласымен 300 тенгені тең етіп 100 тенгеден бөліп алады. Ол қалай түсіндір.

Үй тапсырмасы; №156,№160 есеп


Пікірлер (1)

Айда

Еки орнектин айырмасы мен косындысынын кобейтиндисине 10-мысал.

Пікір қалдырыңыз