Зат есімді қайталаймыз

Қызылорда қаласы «Парасат» мектебі

«Қазақ тілінен бастауыш білім беру» мұғалімі

Тоқшылықова Замира Ғалымжанқызы

 

Сабақ жоспары

 

Сыныбы:      3

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталаймыз

 

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Зат есім туралы өткен сыныпта алған білімдерін еске түсіру.Жаттығулар орындау барысында зат есімдерді тауып,туынды зат есімге айналдыра білуге үйрету.

ә) дамытушылық:Оқушылардың ойлауын және сөйлеу тілін дамыту,ой-өрісін кеңейту.

б) тәрбиелік: Тапсырмаларды жылдам,шапшаң,қатесіз орындауға баулу.Көркем жазуға икемдеу, машықтандыру.

 

Сабақтың түрі:   Қайталау сабағы

Сабақтың типі:   Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,әңгімелесу,түсіндіру,баяндау,ойын. 

Сабақтың көрнекіліктері: кесте, ребус

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 

Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу,зейіндерін сабаққа аударту.

        

       Психологиялық дайындық

          Жабырқауды білмейміз,

          Жалқаулықты сүймейміз.

          Біз талантты жас ұлан

          Үлгі аламыз жақсыдан.

 

II. Үй тапсырмасын тексеру:  

  

  4-жаттығудың орындалу барысын тексеру.

Қорыту сұрақтары:

Түбір дегеніміз не? Мысалдар келтір.

Қосымша дегеніміз не? Мысалдар келтір.

Қандай белгілермен белгіленеді?

 

III. Жаңа сабақ:  

 

«Адасқан әріптер» ойыны.

 

з

т

а

 

е

м

і

с

 

Шарты: Көрсетілген белгілер арқылы әріптерден жаңа сөз құрау.

 

  • Ал,балалар, зат есім туралы не білеміз? Еске түсіріп көрейікші.

1-жаттығу. «Сарғайған жапырақтар» ойыны

Шарты: Жапырақ бейнесіне жазылған сөздерден зат есімдерді тауып, тақтаға жазу.

Орман,кітаптар,ожау,құстар

 

2-жаттығу. Сөздерді үлгі бойынша кестеге жазу.

Қала, Қалибек,шыршалар ,Гүлнұр,қалалар, гүлдер,шырша, Шынар,гүл.

 

Жалқы есім

                                      Жалпы есім

          Жекеше түрі

            Көпше түрі

Қалибек

қала

қалалар

 

               

                                               Сергіту сәті:

                                Қане,қатар түзеліп,

                                Оқушыға лайық.

                                Қолымызды жіберіп,

                                Түп-түзу болып тұрайық.

                                Бірінші қатар жай отыр

                                Екінші қатар сен де отыр

                                Үшінші қатар тез отыр.

 

3-жаттығу. Берілген сөздерден жұрнақ қосу арқылы туынды зат есім жаса.

 

Боксшы,теннисші,волейболшы, шахматшы, футболшы, хоккейші.

 

4-жаттығу. Ребус шешу.

 

Сабақты бекіту:  

 

 «Бір сын есімге, көп зат есім» ойыны

қызық   әдемі

«Жаңа зат есім» ойыны

«Қазақстан» сөзінен бірнеше зат есім жасау.

Үй тапсырмасы: 

1) 5-жаттығу.

2)Сенің сыныбыңда осындай есімді оқушы бар ма? Олардың жақсы қылықтары туралы әңгімеле.

Бағалау:

Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бес балдық жүйе бойынша бағалау

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)