Эссе және өлең-жыр байқауы

Табиғатқа қамқорлық

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп__ «№65 жалпы білім беретін  орта мектебі» КММ

Мерзiм____01.10.15________

№_27____

Тақырып__ Табиғатқа қамқорлық __________          

Құндылық___ Қиянат жасамау     ____________

Қасиеттер___ Сүйіспеншілік, қамқорлық,ешқашан  зиян келтірмеу__________________

Мұғалiм_____Нурбекова __Салтанат____Карыбаевна___________________

Сынып __4 ә___

Оқушылар саны_25___

 

Сабақ мақсаты: Оқушыларды табиғатқа қамқорлық жасауға үйрете отырып, қиянат жасамау құндылығын ұғындыру.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға табиғатқа қамқорлықтың ешқашан зиян келтірмеу, қиянат жасамау екендігін ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылардың бойынан сүйіспеншілік, қамқорлық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды табиғатқа қамқор болуға,айналаны  қоршаған ортаға зиян келтірмеуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)оқулық, видео

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды күйге келу.

                             «Орманға ойша серуен»

        Омыртқаларыңызды тік ұстап, көздеріңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңізді сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз.       

        Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, әрі қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға енген сайын, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оның діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (1-2 мину үзіліс жасау).

        Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзімізді ашып, күлімсіреңіз!

Сұрақ: 1. Жаттығу қалай әсер етті?

             2.Табиғат аясындағы демалыс сендерге  ұнады ма?

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Табиғат – ана»

А. Мырзағұлова

    Табиғат - ананың  Жер, Су, Ағаш, Ауа деген ұлдары болыпты. Олар өте ақылды, мейрімді екен. Табиғат – ана бір күні ұлдарын шақырып алып:

   - Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын, - деп уәде береді. Сонда ұлдары анасының айтқанына қуана келісіп, адамдарға жақсылық жасауға келіседі. Ұлдары жан – жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті іс жасайды. Күндердің күнінде ұлдары еліне қайтып оралғанда Аналарының бұрынғыдан да бетер көріктене түскеніне риза болған ұлдары:

   - Апатай, Сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде? – дегенде Табиғат – ана:

   - Аяулы ұлдарым менің, мұның сыры сендердің адамзатқа жасаған қайырымдылықтарыңда, - деп жауап береді. Содан бері Жер, Су, Ауа, Ағаш аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін адамдарға адал қызмет етіп келеді екен.

Сұрақтар: -

   1. Табиғат – ананың көріктеніп, сұлулығының артуының сыры неде деп ойлайсыңдар?

  2 Балалар, табиғаттың адамға жасаған қамқорлығы дегенді қалай түсінесіңдер?

  1.  Сендер табиғат – ананың көріктене түсуіне өз үлестеріңді қалай қосар едіңдер?

Қорытынды: Адам барлық керегін табиғаттан алады. Табиғат пен адам бір – бірімен тығыз байланысты..Сондықтан табиғатқа үлкен сүйіспеншілікпен қарап,ешқашан зиян келтірмей қамқорлық жасау ,қиянат келтірмеу біздің міндетіміз.

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

 « Біз ата – бабамыздан табиғатты мұраға, ал болашақ ұрпақтан қарызға алдық»  (дәйексөзді жаттату, 2-3 баладан сұрау)

 Түсіндіру. Біздің ата – бабамыз біздің жақсы өмір сүруіміз үшін табиғатты қорғап, күтіп – баптап, сақтап бізге жеткізіп отыр. Ал енді осы мұраны жоғалтып алмай өзімізден кейінгі болашақ ұрпаққа тапсыру біздің мойнымыздағы қарыз. Ол үшін ағаш – бұталарды кеспей, санын молайтып, көктем сайын ағаш егіп, су көздерін тазалап отыру, ауаны таза ұстау – біздің міндетіміз.

Сұрақ: Ал енді сендер   осы мұраны келешек арттағы бауырларыңа қалай тапсырасыңдар?  

 

 

  1. Әңгiмелеу   Мұғалімнің сыйы

Ертеде бір қарияның үш ұлы болыпты. Өздерінің   әкесін қатты жақсы көретіні соншалық,қарттың ұзақта сау өмір сүруін  армандап,оның жолын  қайдан табамыз деп, ұзақ кеңесіпті.

    Әрі  ойланып,бері ойланып, ақырында  ел арасынан  денсаулықтың  мекенін  іздемекші болыпты.

    Үлкен ұлы  денсаулықтың  мекенін  табиғаттың  «Саялы  орманынан» ,ортаншы ұлы  денсаулықтың  мекенін  табиғаттың  «Таза көлді»елінен, ал кіші ұлы «Көрікті  жер»  елінен кездестіріпті.

   Ұлдарына дән риза болған қария ,үш ұлыныңда еліне кезек-кезек  барып тұрыпты.

  Қария бақыттыда ,баянды ,ұзақ ғұмыр кешіпті.

Сұрақ: - 1.Қарияның  ұлдары  денсаулықтың мекенін қайдан тауыпты?

2.Ұлдар денсаулық мекенін неге іздеді?

3.Қарияның ұлдары қандай деп ойлайсыңдар?

Қорытынды: Олай болса таза ауа, таза су,саялы орман, көрікті жер адам денсаулығын сақтауға  көмектеседі.Сондықтан табиғатқа әр уақытта қамқорлық жасау керек.

 

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Табиғат дыбыстары»  видео көрсету

1 топ – Осы видеодан алған әсерлеріңмен бөліс.Әсем табиғаттан,шуақты күннен,жауған жаңбырдан қандай әсер алдыңдар?

2 топ – «Табиғатпен біргеміз»  тақырыбына  эссе жазу

3 топ -Табиғат мезгілдеріне сай қандай қамқорлық жасауға болады? (сурет  салу)

4 топ - М.Қуанышбековтың «Отырғыз ағаш көктемде» өлеңін бір оқушы мәнерлеп оқиды.

«Отырғыз ағаш көктемде»

Ыстықта болса көлеңке,

Жемісі шырын тағы бар.

Ауылда әрбір береке,

Күтетін баптап бағы бар.

Бар ма сол сенің ауылыңда,

Жайқалған желек, сая бақ?

Көрдің бе сен де бағыңды

Қамқоры болып аялап?

 

Жүрсің бе егіп жылда сен,

Қолыңнан өзің бірер тал?

Өйтпесең бала, тыңда сен,

Ақыл – сөзге құлақ сал:

Отырғыз ағаш көктемде,

Жөн болар еңбек еткенің.

Келмесе шамаң еккенге,

Сындырма жұрттың еккенін!

  • Осы өлеңнің ішіндегі  сұрақтарға жауап жазасыңдар.

Қорытынды: Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз

                      Ұсынайық  жүрек  нұрын  бәріміз дей келе табиғаттан сүйіспеншілігімізді аямайық, табиғатқа қиянат жасамайық.

 

  1. Топпен ән айту.

Қос қарлығаш

Сөзін жазған: Бақытжан Ауданбаев
Сазгер: Нұрлан Еспанов
Бір күн келіп алмастырып бір түнді,
Көктем келіп айналамыз құлпырды.
Қос қарлығаш тыным таппай тағатсыз,
Жөндеп жатыр ескі ұясын былтырғы.
Қайырмасы:
Қос қарлығаш көктемде,
Қанат қағып жеткенде,
Қандай сезім жетеледі туған мекенге?
Тағып алып ақ тұмар,
Жұлдыздай боп ақтыңдар.
Ерте өшкен үмітімді,
Қайта жақтыңдар.
Қос қарлығаш, қияқ қанат достарым,
Қанатымен тілгілеген аспанын.
Тілгіленіп қалар еді-ау жүрегі,
Ұя салса ауласына басқаның.
Қайырмасы:
Қос қарлығаш тағдырларын тең бөлген,
Тірліктерін туған жерге өңделген.
Әрбір адам туған жерін сүюді,
Үйренсе екен, үйренсе екен сендерден.
Қайырмасы:

  • Өлең  не туралы?
  • Өлең  не туралы?
  • Қорытынды: Атам қазақ қай заманда болсын қарлығаш құстың қадірін білген. Бұл құстың адалдығы мен мейірімділігі талай аңыз-ертегілерде кеңірек айтылған.Осы қарлығаш сияқты адал ,мейірімді болайық.

 

  1. Үй тапсырмасы. 102 бет
  2. Жер ана  мәтінін оқу
  3. Шығармашылық  жұмысты  аяқтау

 

  1. Сабақтың қорытынды сәтi.

Соңғы тыныштық сәтi.

 Жай музыка қойылады.

Құрметті оқушылар жайланып отырып, көздеріңізді жұмып, бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңізді еске түсіріңіз.

Табиғаттың әсемдігінен адамның жандүниесі керемет лаззат алатынын сезініп көр.Табиғаттың ғажап  сәттерін жүрегіңізге түйіп алаңыз.

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз