Өлең, жыр, ақындар

Құстар, қайтып келіңдер

  • 15.05.2019
  • 0
  • 1
  • 3859
Қимас әнге салады,
Құстар қайтып барады.
«Қош болыңдар!» дегендей,
Қанаттарын қағады.

Сау-саламат болыңдар,
Жылы жаққа барыңдар.
Жылы ұяға қоныңдар,
Бейбіт құсқа орын бар.

Бізде туып едіңдер,
Әлі де өсіп-өніңдер.
Туған жерге не жетер,
Құстар, қайтып келіңдер!



Пікірлер (1)

Ақүрпек

Күшті өлең тез жаттап алдм

Пікір қалдырыңыз

Қыран

  • 0
  • 0

Шалып қалған құлағым,
Қыран жайын сұрадым.
Бастады атам әңгіме,
Маңызды да, мәнді де.

Толық

Айдаһарды арбау

  • 0
  • 0

Жағып күймен отты да,
Табады екен жоқты да.
Жыршы, күйші, көріпкел,
Би де бопты Кетбұға.

Толық

Он досым

  • 0
  • 0

Оң қолымда, санашы,
Төрт саусақ пен бір бармақ.
Сол қолыма қарашы,
Төрт саусақ пен тұр бармақ.

Толық

Қарап көріңіз