Өлең, жыр, ақындар

Политрук Клочков

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 856
Дубосеково разъезі,қырғын соғыс алаңы,
Тарих өзі ұрпаққа естіртеді бұл лаңды,
Маңдай терін қинала,құйыттай село төгіп тұр,
Қорғау үшін киелі,Мосвкадай қаламды.
Әрбір тасқа сүйеніп,әрбір дөңге жабысып,
Тапжылмастан рота жаумен жатыр алысып.
Гуілдейді суық жел,бір сұмдықты айтардай,
Қиян-кескі ұрыста оқпен бірге жарысып.
Мінекей жау ұмтылды,алға қарай желігіп,
Ішке тартып тынысын,дала жатыр телміріп.
Бидай өскен алқабын,қарақшылар таптауда,
Баса алмастан өксігін,жылағаны – ай егіліп.
Политрук Клочков,сол бір сәтте сен тұрдың,
Қалам ұстар қолыңа,граната толтырдың.
Жарып шыққан кеудеңнен,ұлы сөзбен жалынды.
Білесің бе? Сен өзің,қанша жауды өлтірдің?!
Россия!Байтақ – ау,шегінер жер жоқ,бірақ – та,
Артымыза Москва!Тұрмыз түсіп сынаққа!
Отан үшін жан пида! Алға! Алға, Ерлерім
Деген сөзді,кең әлем,құйып жатты құлаққа.
Әрбір кеуде шымырлап,от намыстан тебініп,
Тек жеңіске жетелеп,сыр шертеді нұр үміт.
Әділдіктен күш алған, Ұлы Достық қашанда
Көрген емес бауырым,өз жауынан жеңіліп,
Ұлы рухын көтерген қасиетті Отанның,
Қаныменен бірге жүр майдандағы от әнің,
Айналайын атыңнан,Политрук Клочков,
Ерлігіңді ешқашан,ұмытпайды ұрпағың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әбілқайыр хан

  • 0
  • 0

О, Муза Тәңір берген қыз бөбегім,
Бабамның ерлік даңқы іздегенің.
Міне біз хан молаға жеттік бүгін,
Бір жұтып қоңыр салқын күздің лебін.

Толық

Исатай батыр

  • 0
  • 0

Сүйе білген ар ожданмен өз елін,
Ағатайдай әулиемнің көзі едің.
Аянбадың азаттықтың жолында,
Басқыншылар зорлығына төзбедің.

Толық

Ғұн патшасы Аттиланың өсиеттері

  • 0
  • 0

Ғұн ұрпағы тумысынан күрескер,
Сені күтіп алда тұр ғой ұлы істер.
Өсиетімді ақ жол тілеп айтайын,
Қабыл алсаң қашпас сенен жеңістер!

Толық

Қарап көріңіз