Өлең, жыр, ақындар

Ер Қосай, ұрпақтарының әні

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1307
Қара дауыл қыспаққа алып қаптаған
Туған елдің от салғанда төсіне.
Жорықтары Қосай бабам бастаған,
Нар халқымның әлі мәңгі есінде.
Кімдерде бар ондай дүлей батырлық,
Қарсы тұрған ажал атты жендетке.
Дұшпандарын жер түбіне батырып,
Ерлік даңқы шарлап жеткен жер көкке.!
Ұмытамыз қалай өшпес ерлігін,
Ғасырлардың өзі берсе жыр жазып.
Өр рухынан жаңғырғандай елдігім,
Тектіліктің тамырынан гүл жарып.
Бар кеңдігі бойға сіңіп даламның,
Таңдай білген Отан үшін жолды айқын.
Ұрпағымыз біз ержүрек бабамның,
Ерлік даңқын келешекке жалғайтын!
Қорғау үшін ел ырысы бақ таңын,
Біз құштармыз білімменен, ғылымға.
Қуат беріп сенім артқан Отаным,
Жолын ашқан ерлікттердің шыңына.
Сыйға тартып маңдай тердің жемісін,
Болашаққа бабаға ұқсап салдық із.
Қайталауға Ер Қосайдың жеңісін,
Әрқашанда сын сынақта дайынбыз!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұстафа Шоқайұлы

  • 0
  • 0

Өрмекшінің құрған бейне торындай,
Қызыл соққан түрмелерге ұрынбай.
Қуғындалдың зорлықпенен жат елге,
Енесінен ерте айрылған құлындай.

Толық

Мағжан ақын менен Адай шалы туралы жыр

  • 0
  • 0

Қыспаққа алып бейбіт күнгі тынысты,
Қызыл терор аямастан қан ішті.
Сұмдығынан қара түнек шошынып,
Көр тозаққа айналғаны жер үсті.

Толық

Мұқтар Арыновтың батасы

  • 0
  • 0

А, Құдай!
Аңсатып берген азаттығымды сақта,
Ата –бабанан қалған қазақтығымды сақта.
Қайта оралған Науырызымды сақта!

Толық

Қарап көріңіз