Өлең, жыр, ақындар

Қызыма

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 4
  • 33302
Қарағым!
Мен тағы үйлену тойыңа барамын.
Мен бүгін тағы да
Өзіңнен адасып қаламын, Қарағым!
Шараптың уы ұрып қаныма,
Отырам
Бейтаныс біреудің жанына.
Көкешім, налыма,
Мен сені ұзатам тағы да.
Тұман боп жанары,
Әкең де, шешең де қалады.
Достарың күңіреніп,
Еңліктің әніне салады,
Әкең де қалады,
Шешең де қалады,
Баласын,
Баласы әкетіп барады.
Көкешім!
Мұңайып не етесің?!
Сен бүгін тағы да
Ұшасың, кетесің,Көкешім!
Әкеңнен әкеңе жетесің,
Мұңайма, Көкешім!



Пікірлер (4)

Бауыржан Нұрсейітов

Мұқағалидің өлеңдерін оқыған сайын жаным рахаттанады қазақ таза кіршіксіз ақыны

Айжан

Ех.. шіркін, десеңізші!!! Мұқағали ақынның өлеңін естісем..., жаным бір бөлек әлемге енгендей болады...!

Алмаш

Өте керемет ! Қандай ақын десеңізші

Акерке

Керемет өлең.

Пікір қалдырыңыз

Көлің қайда, туған елім?

  • 1
  • 6

Көлің қайда, туған елім?
Шабақ болам титтей.
Белің қайда, туған елім?
Ойнақтайтын киіктей.

Толық

Орта жолда

  • 1
  • 2

Көңіл де пәс, пәс кеуде,
Аэропортта даң.-дұңмен
Затым кетті Мәскеуге,
Ақтөбеде қалдым мен.

Толық

Егерде айта алмасам айтарымды

  • 1
  • 4

Егерде айта алмасам айтарымды,
Алжыдым.
Ақылымды сайтан ұрды.
Қынына қылышымды салам онда,

Толық

Қарап көріңіз