Өлең, жыр, ақындар

Кеттің-дағы ауылға

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 851
Кеттің-дағы ауылға,
Қалғандаймын далада.
Жат секілді бауыр да,
Қатын менен бала да.
Жүремін тек алаңдай,
Алданыш жоқ еш маған.
Жоқ іздеген адамдай,
Үйге-дағы кеш барам.
Кеттің де сен жырақтап,
Орап алды мұң-қайғы.
Тиянақты тұрақтап,
Бір ісім де тынбайды.
Қиындыққа көнімді,
Төзіп бітті жүрегім.
Селт еткізбес сенімді
Сен екенсің тірегім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арыстан мен барыс

  • 0
  • 0

Жеткен гәп қой алыстан,
Көп соғысты Барыс пенен Арыстан,
Орман үшін, тұрақ үшін таласып.
Заң жүзіне болсақ көңіл бұратын,

Толық

Мен кіммін?

  • 0
  • 0

О, Алла, Алла!
Жерімді, Елімді,
Өзімді жаратқан
Бір өзіңе құлмын.

Толық

Қасқыр мен көгершін

  • 0
  • 0

Деді Қасқыр:
– Көгершін,
Айтар болсам егер шын,
Көңілдісің сен дәйім,

Толық

Қарап көріңіз