Өлең, жыр, ақындар

Тышқанның ақылы

  • 22.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1279
Тышқан баласына ақыл айтты,
Айтқанда батыл айтты:
– Балам, мен көпті көрдім,
Майды да етті көрдім.
Ет тәтті дегеніммен,
Қанша жегеніммен,
Майдан дәмді емес,
Қуаты да әлді емес.
Ал, майдың жөні бір басқа,
Мұрыныңды қышытады бұл қасқа.
Иісі бұрқырап тұрады.
Қарныңыз шұрқырап тұрады.
Еркіңе қоймайды,
Жемесіңе болмайды.
Сондықтан, адамдар ойлап тапқаны
Іздерге құрып қақпанды.
Май салып қойды үстіне,
Біздерді келіп түссін деп.
Жалаймын деп жатқанда,
Түседі кенет қақпанға.
Осыны есіңде нық ұста,
Қақпан тұр анау бұрышта.
Асықпасаң бола ма?
Қарағым, оған жолама.
Ал, мен осынша жасқа жеттім ғой,
Тәжірибеден өттім ғой.
Қақпанға жақын барайын,
Демеймін тілмен жалайын.
Сл иіскеп көрейін,
Үстем болсын мерейім,
Деп Тышқан қақпанға жетіп,
Қасынан ары-бері өтіп,
Майдың исіне елтіп,
Бір иіскеп алайын деп,
Сәл ғана жалайын деп,
Балама қайтып барайын деп
Тигізе бергенде тілін,
Өшірді қақпан үнін.
* * *
Ақыл айту үшін кішіге,
Бекем бол өз ісіңе.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қасқыр мен көкек

  • 0
  • 0

«Қош бол, көршім! – деді Қасқыр Көкекке, –
Бұл жер тыныш екен деп, әуре боппын мен текке
Сендердегі ит те, адам да адуын:
Бір-бірінен ашулы; сен періште болғын-ақ,

Толық

Тасқын

  • 0
  • 0

Тым қаталсың,
Биіктен
Құлап аққан сел-тасқын.
Ойнақтайсың киіктей

Толық

Теңіз боп жаным тулайды

  • 0
  • 0

Теңіз боп жаным тулайды,
Шағала қонып шулайды.
Шатырлап көкте найзағай,
Шүйліккен бұлтты турайды.

Толық

Қарап көріңіз