Өлең, жыр, ақындар

Екі шыбын

  • Bain
  • 28.04.2015
  • 1
  • 15
  • 60019
Бір Өгіз күні бойы тартып сабан,
Қайтты елге сабанымен кешке таман.
Мүйізінде Қара шыбын отыр еді,
Кез болды бір танысы жолда оған.
Танысы мұны көріп келе жатқан,
Астында Өгізі бар сабан тартқан.
«Көзіме күні бойы көрінбеп ең,
Келесің, сөйле, - дейді, - сен қай жақтан?»
Сонда бұл мұрнын көкке көтереді,
Адамсып, маңызданып, жөтеледі:
«Жер жыртып күні бойын, шаршап келем,
Мазалап, сұрап саған не керегі?»

* * *
Адамды кейбір түрлі алып еске,
Қарасақ, ғибрат бар бұл кеңесте.
Біреудің я қайратын, я дәулетін
Өзімсіп жүретіндер бар емес пе?
Кейбіреу көтереді мұрнын көке,
Өз әлдін өзі білген адам көп пе?
Мақтанып, бәрін де өзім еттім дейді,
Біреудің шылауында жүріп текке.



Пікірлер (15)

сандугаш

Маган оте унады

е мае

жаттау онай екен

Элапон

Күшті

Ару

Күшті жаттау тез гой. МЫҢ АЛҒЫЫС

Яна

Мвган жаттау оте киын

каракат

ОТТЕ ЖАКСЫ КОП КЛП РАХМЕТ

мергали

оте жаксы

Назека

Емтиханга улкен комек болды

Амина

Сиздерге коп-коп ракмет! Маган катты унады.

Нурила

Керемет тамаша маган унады.

айжан

керемет

Алишер Кудыреталы

Көп рахмет жаттау оңай екен

Асем

Күшті екен , тез жаттауға болады

Садық Жанбай

Өте керемет өлең. Мен қолдаймын, сіздер ше?

Айгерім

Өте күшті жане оңай жаттау да оңай

Пікір қалдырыңыз

Айна мен маймыл

  • 1
  • 25

Айнаның қарсы алдына Маймыл барып,
Айнада өз суретін көре салып,
Аюға жанындағы күліп айтты,
Ақырын аяғымен түртіп қалып:

Толық

Қарға мен түлкі

  • 1
  • 4

Бір түйір ірімшікті тауып алып,
Ағашқа Қарға қонды ұшып барып.
Тоқ санап ірімшікті көңіліне,
Жей қоймай, отыр еді ойға қалып.

Толық

Екі бөшке

  • 1
  • 5

Көшеде екі Бөшке келе жатты,
Бірі бос, екеуінің бірі зат-ты.
Ішінде заты бары жай аяңдап,
Салдырлап келе жатыр босы қатты.

Толық

Қарап көріңіз