Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік

Тәуелсіздік қазағыма оңайлықпен келді ме?
Біздер үшін боздақтарым қанын төгіп өлді ме?
кетті олар келмейді енді мына жарқын өмірге,
Бәлкім олар қазағымның болашағын білді ме?

Қайсар еліміз, жайсаң жеріміз болар солай мәңгілік
Қасиетті бұл өлкеде туды талай таң күліп
Бурабайым жер жәннәті, Нұрсұлтандай елбасы
Арман барма бұл өлкеде айтшы соны сен біліп.

Тәуелсіздік халқымыздың үлкен, биік мақсаты
Бабалардың аңсап күткен асыл, қымбат арманы
Сол арманға жеттік ,міне, мақтанамын бүгін мен
Баласымын Тәуелсіз ел, қазақ деген халықтың!



Пікірлер (1)

Фарангиз

Өте керемет өлең
Тәуелсіздік күні құтты болсын халқым

Пікір қалдырыңыз

Қазақ тілі

  • 0
  • 1

Кең байтақ қазағымның даласындай,
Көзімнің ағы менен қарасындай
Қазақтың "жалпақ қара" сөзі деген,
Ұғым бар әр қазақтың санасында -ай.

Толық

Шырайлы көктем

  • 0
  • 2

Көктем келді, шырайлы көктем енді,
Көктегі нұр бөледі жерге нұрды.
Сансыз құстар шарлап ап ен даланы,
Әнге бөлеп тамылжытып барады.

Толық

Қарап көріңіз