Өлең, жыр, ақындар

Дауыс

Беріктік қаула жүректе!
Тап жолынан таймайтын.
Жалында күш білекте,
Майданда барлық талмайтын.
Даусым дауыл, сөзім от,
Шыжылда жаулар қансырап
Капиталға ажал оқ.
Даусым тапқа шам-шырақ.
Құйыл жыр, теңіз - телегей!
Үде шабам,— шабысым!
Бар майданды жебелей,
Тілімнің уы шашылып,
Тап дұспаны улансын!
Майданға қару асынып,
Шығам, жаулар «туласын»
Сытырла, қалам, жорғала!
Орында ойдың қорғала,
Тұлпарым, сенсің жүйрігім,
Түсейін топқа тайсалмай,
Даңқсыз талап болса да,
Қарыштап жазам денемді,
Толмаса да, толса да.
Ағында, екпін, ағында,
Бұрқырат шаңын даланың,
Дауысым таптық жаңылма!
Қайнатам қару, қолда алмас,
Майданға кірдім тап үшін,
Сайра, жағым, тіл талмас,
Саңқылда, жас дабысым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гүлжансың - ау

  • 0
  • 0

Гүлжансың - ау, Гүлжансың,
Тынымы жоқ бір жансың,
Таңмен бірге сайрайсың,
Егінде де, шөпте де,

Толық

Бақыт

  • 0
  • 0

Өткір ойлы қара көз,
Өжет, ұтқыр, бал мінез.
Бақытым менің інішегім,
Жүгіре басып келді тез.

Толық

Никос Беллоянистің өліміне

  • 0
  • 0

Атты жау,
Алды өлім бүгін кімді?
Қақ жарған ерді алды ма қара түнді!
Кім жоймақ от жүректі,

Толық

Қарап көріңіз