Өлең, жыр, ақындар

Никос Беллоянистің өліміне

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 869
Атты жау,
Алды өлім бүгін кімді?
Қақ жарған ерді алды ма қара түнді!
Кім жоймақ от жүректі,
Ақыл, ойды,
Кім жоймақ халық үшін туған ұлды?!
Оқ тиді.
Құлады ер жерді құшты.
Ұрыдай түнде жендет қанын ішті.
Бірақ та өмірі оның үзілмеді,
Жүрегі жалын болып аспанға ұшты.
Қақ жарып Греция қара түнін
Жүрегі лаулап жанып тұрды мұның.
Кір шалмас коммунистік адал жаны
Қаттырақ бұрынғыдан шығарды үнін.
Саңқ етті ол!
Шақырды елін, сілтеді алға
Майданға! күрес пенен атар таңға!
Жалғасып миллиондармен кетті өмірі —
Өшпеді оқтан өзі жығылғанда.
Өлікке үнсіз ғана иіп - басын,
Ызалы гректер тұр төкпей жасын.
Солардың жүрегінде күндей жанған
Кім жоймақ коммунизм шұғыласын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айбала

  • 0
  • 0

Аспан жүзі көгілжім,
Маужырады табиғат,
Меңіреуленген мүлгіп түн,
Сезімге жылы, тілге жат.

Толық

Өткен жазда

  • 0
  • 0

Өткен жазда. қыз шахтермен танысты,
Сүйді қатты, шығарып сап, қыз қалды,
Сүйген жарын барлық жұрттан қызғанды,
Қимаса да кете алмады, ермеді.

Толық

Ленин

  • 0
  • 0

Ленин, Ленин! Осы есім талай жылдар
Жырланды, жырланады сан ғасырлар.
Бар адамның жүрегін тебірентерлік
Ұлы Ленин атында сөнбес нұр бар.

Толық

Қарап көріңіз