Өлең, жыр, ақындар

Жаяу сал

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 551
Әріптің отыз екі арасында,
Қазақтың көрдім шарқы – шамасын да.
Білмеймін асылмын ба, масылмын ба,
Біреумен келе алмадым жарасымға.
Қүйылды дос-дұспанның сыры барлық,
Маған тек бүйырмады іші тарлық.
Ел-жұртты аралаудан жалықпадым,
Тәңірім жаратса да жаяу сал ғып.
Өзгеден үйренсем де, үйретпедім,
Асауға салар құрық сүйретпедім.
Білмеймін, кештім неден сары уайым,
Тым ерте қалды шашым сиреп менің!
Базардың бағасының арзанында,
Өзіме ырзамын да, нарзамын да!
Көп серік жаяу салға керек емес,
Біреуің көңіл үшін қал жанымда!
Жаз бен қыс көкірегімнен орын тепкен,
Жазықсыз жаным жырдың қорын төккен.
Қанымның мыңнан тамшы уын татқан,
Кей қасқөй шабытыма өш шалқып жатқан.
Білекті қызыл тілім менің мықты,
Озықтай жеңілмейді, теңін жықты.
Тағдырым – бұлтты айдаған қара дауыл,
Болма, дос, жетер болсаң – дара бауыр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шырпы

  • 0
  • 0

Кіп-кішкентай шырпылар –
Дүниенің жойқын алыбы.
Тұтатсаң бірін, бұрқырар,
Қасыңды шарпып жалыны.

Толық

Таңғы ырзық

  • 0
  • 0

Құшағынан қызғанып түннің,
Шымшиды мені жеңгесі жырдың.
Алдынан шығып айдарлы күннің,
Арайлы таңмен табысып жүрмін.

Толық

Сен мені ішіңнен түсінесің

  • 0
  • 0

Сен мені ішіңнен түсінесің,
Сыртыңнан тек түсінбеген боласың.
Жұрт көзінше бақаша ісінесің,
Үрген қарындай кейін соласың.

Толық

Қарап көріңіз