Өлең, жыр, ақындар

Дәрухана

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 322
Дәрухана.
Көңіл де салқындаған,
Жоқ жанымда достарым аңқылдаған.
Күннен-күнге меңдейді тәнімді дерт,
Денсаулықты таппайсың алтынға, Адам!
Ойға батып түн ұзақ, күңіренем,
Жылжып уақыт кеттің-ау шырыны ерен.
Қоңыр тірлік көзімнен бұл-бұл ұштың,
Маған тағдыр қарайды қырыменен.
Жатқаныма жиырма күн шырматылып,
Жүрегім де шаршады сырға тұнық.
Содан бері төрт адам мәйіт болды,
Сөйтіп өмір барасың ырғатылып.
Жанып жатыр бір алау өзегімде,
Жетелейді уайым – өзі өлімге.
Тәлей солай, шама жоқ бұлтаруға,
Мылтығыңды сұм ажал, кезедің бе?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көзіңді мұң торлап апты нілденген

  • 0
  • 0

Көзіңді мұң торлап апты нілденген,
Сен жалғызсың, әкең болса мүлде өлген.
Қасіретке қарсы тұрар қауқар жоқ,
Дәл осындай күн туарын білгем мен.

Толық

Ымым шықпай

  • 0
  • 0

Ымым шықпай,
Дымым шықпай тұншықтым,
Жанарымда, жүрегімде мұң ... шық ... мұң ...
Қарашыққа қасіреттен тұрды қақ,

Толық

Бұл жалған тегі шытырман

  • 0
  • 0

Бұл жалған тегі шытырман,
Таба алмай келем арнасын.
Санасын елдің жұт ұрған,
Белгілі ұзақ бармасым.

Толық

Қарап көріңіз