Өлең, жыр, ақындар

Сағыныш

  • 07.04.2021
  • 0
  • 0
  • 568
Халқымыз 250 жылдан астам киген бодандық қамытынан құтылған шақта, өзінің төл қасиетіне деген сағыныш сезімін елдің елдік қасиетін бойына жинақтаған Дарабоздарға арнаған асы мен тойы арқылы бейнелеп жатыр.

Сағынады кәрісі бар, жасы бар,
Нақ сағыныш қырдан қырға асырар.
Бір сағыныш жан күйдіре өртесе,
Бір сағыныш бір-ақ сәтте басылар.
Сағынды елім Ана тілін сайраған,
("Ана тіл" деп қойды атын қай бабам?).
Сағынды елім мөлдір тұнық бұлағын,
Қаптағанда өгей сөзге айналам.
Сағынды елім хандарын да "қарасын",
Тапқан кезін әке, бала жарасым.
Сағынды елім әулиесін, әздерін,
Демейтұғын ақсың, қоңыр, аласың.
Туған жерде сыбағадан бос қалдық,
Кішік болып кез-келгеннен жасқандық.
Сағынды елім батырларын топ жарған,
Сағынды елім сондықтан да бостандық.
Той өткізсе дарақы деп ар көрме,
Ей, ағайын, өткен күнге сал зерде.
Бар сағыныш — бітеу жара жарылып,
Той боп, ас боп өтіп жатыр бар жерде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күдік

  • 0
  • 0

Кетедi кейбiр түнiм силап маған
Жегiнi жан мүжiген – күдiк деген.
Аурудың азабы да қиналтпаған,
Қайғы да менi осынша мүдiртпеп ең.

Толық

Қазағым

  • 0
  • 0

Махамбетке өмір сыйлап қазағым,
Аңқылдады cap далада қазақ үн.
Қалай көзі мерт етуге қиды екен
Мен тұтамын әлі күнге аза, мұң.

Толық

Өңеш

  • 0
  • 0

Тойып тамақ іше алмаймын
Өңешімнен жаралы ем.
Содан болар, сеземін мен
Тірлік құнын шамамен.

Толық

Қарап көріңіз